Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Сәуір, 2016

855

ЭМБ өкілдері «Ашығын айтайық» бағдарламасына қатысты

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Қазір елімізде өмір сүріп жатқан әрбір этносқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Мерекеге орай өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының «Ашығын айтайық» бағдарламасының түсірілімі өтті. Сондай-ақ бағдарламаға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Жайылханова мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина қатысты.

Түсірілім барысында «АЛА-ТОО» қырғыз  этномәдени бірлестіктік төрағасы Құрбанәли Газибеков  айтулы мерекеге орай азаматтық лебізін жеткізді:

Мен Маңғыстауға 1991 жылы келдім. Сол уақыттан бері мен киелі өлкеге қоныс аударғаныма еш өкінген емеспін. Ұлтаралық қатынасты, келісім мен татулықты нығайту ісін бүгінде Елбасы басты назарда ұстап, өзге ұлт өкілдеріне толыққанды жағдай жасап отыр. Жуырда біздер «Алғыс айту күнін» тойладық. Мейрамда этномәдени бірлестіктер өкілдері қазақ еліне қиын-қыстау кезде қолдағаны, олардың қонақжайлықтары үшін алғыстарын білдірді. Осы сәтті пайдалана отырып, барлық қазақстандықтар мен маңғыстаулықтарды алда келе жатырған 1-мамыр мерекесімен құттықтаймын. Бірлігі мен берекесі жарасқан ел болып дами берейік деймін.

Ұлтаралық қарым-қатынасты нығайу үшін арнайы түсіріліп жатқан бағдарламаға өзге ұлт өкілдерін шақырғаны үшін рахмет. Мұндай жобалар ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасау үшін өте қажет деді, – Амангүл Жайылханова.  

Сонымен қатар, хабар барысында «Шадвал» би ансамблі өз өнерлерін көрсетіп, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты.

    

                                                      

         МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай