Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Сәуір, 2016

1063

ЭМБ жастары үшін «Жас көшбасшы мектебі» семинар-тренингі өтті

Ағымдағы жылдың 4-сәуірінде Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Алматы қаласы ЖОО студенттері мен этномәдени бірлестіктердің жастары үшін «Жас көшбасшы мектебі» семинар-тренинг өткізілді.

Аталмыш іс-шараны Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жас көшбасшылар ассоциациясы» ҚБ бірігіп ұйымдастырды.

Семинарға этномәдени бірлестіктердің жастары мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен, Қазақ ұлттық аграрлық университетінен, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен және «Тұран» университетінен 30-ға жуық студенттер қатысты. Семинарды «Жас көшбасшылар ассоциациясы» ҚБ директоры Наталья Бахмутова мен көмекшілері жүргізді.

Қатысушылар семинардан қажетті білім алып, топпен жұмыс істей алу, көшбасшының рөлі мен қасиеттері, көшбасшы мен топтың қарым-қатынасы жайлы ақпараттар тыңдады. Тренингте презентациялық материалдар қолданып, аз топта дискуссиялық, бейнеанализ, шығармашылық және тест түрінде тапсырмалар орындалып, интерактивті режимде өтті.

Семинар соңында қатысушыларға «Жас көшбасшы мектебі» семинар-тренингіне қатысқанын растайтын сертификаттар табыс етілді.

Кейін қарай