
19 Наурыз, 2016
1084
Энергетикалық колледждегі Наурыз мерекесі
Шұғылалы көктемнің жарқын мерекесінің бірі Наурыз тойы Маңғыстау энергетикалық колледжінде аталып өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары - Қазақстан кәрістері қауымдастығының Ақтау қалалық филалы. Оған этномәдени бірлестік төрағалары, Ақтау қаласындағы «Нұрбанк» АҚ қызметкерлері, студенттер, БАҚ өкілдері мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар Амал мен Наурыз мерекесінің пайда болуы жайында мағлұмат беріп, қазақтың салт-дәстүрлеріне тоқталды.
-Біз қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін сыйлап, құрметтейміз. Сондықтан жыл сайын Маңғыстау энергетикалық колледжімен бірлесіп осындай іс-шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Амал мен Наурыз мейрамы бұл - көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі. Мұны барша халық тойлайды. Бұл күндері біз ақсақал, әжелерге барып «көрісіп», хал-жағдайын сұраймыз. Маңғыстауда бұл салт өте жақсы сақталған. Біз үлкендермен көрісіп қана қоймай, сонымен қатар, оларға түрлі сыйлықтар береміз, - деді Қазақстан кәрістері қауымдастығының Ақтау қалалық филалының төрайымы Раиса Маденова.
Мерекеге орай колледж қабырғасында «Ұлттық тағамдар сайысы» да өтті. Студенттер топқа бөлініп, түрлі ұлттың тағамын әзірледі. Іс-шарада қазақтың бауырсағы, бешбармағы, орыстың құймағы, украинның варенигі, татардың азуы, әзербайжанның долма мен пахлавасы және кәрістің фунчозы мен хесы жұртшылық назарына ұсынылды.
Жастардың аспаздық өнеріне «Дағыстан» этномәдени бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаев, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Айрапет Курдоглян, «Қоғамдық келісім» мекемесінің этномәдени бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Самира Абдуллаева, Маңғыстау энергетикалық колледжінің директоры Бейбіт Ыбраев, «Нұрбанк» АҚ Ақтау қаласындағы филиалы төрағасының орынбасары Бэлла Иманбаева, Қазақстан кәрістері қауымдастығының Ақтау қалалық филалының төрайымы Раиса Маденова баға берді.
Іс-шара барысында колледж белсенділері Намазбек Құспанов пен Жанарыс Отарғали әуелете ән шырқап жиналған қауымды бір серпілтті.
Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы барлық қатысушы топтарға алғысын білдіріп, оларды жеке номинациялар бойынша марапаттады. «Ең ашық тағам» номинациясын орыстың құймағы алса, «Ең үздік шығыс тағамы» номинациясын әзірбайжанның долмасы мен пахлавасы алды. Ал, «Ұлттық тағам» номинациясына қазақтың бешбармағы жайғасса, кәрістің хесы «Ең дәруменді тағам» номинациясын алды. Татардың азуы «Ең дәмді тағам» номинациясын иеленсе, украинның вареникі «Ең қаймақты тағам» номинациясын жеңіп алды.
Сайыс соңында «Нұрбанк» АҚ Ақтау қаласындағы филиалы қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыстады.
МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесуі өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
вчера, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесуі өтті