07 Сәуір, 2022
424
Ер есімі – ел есінде
Бүгін Кореяның батырлары Хон Бом До мен Ге Бон У мемориалдық кешенінде еске алу митингі өтті. Оған Қызылорда облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі, облыстық ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Уалихан Ибраев, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, этномәдени бірлестіктің жетекшілері, корей қауымдастығының өңірдегі ардагерлері мен белсенділері, ассамблея жастары, волонтерлар және БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен корей батырларының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Сосын әнұран айтылды.
Еске алу шарасының алғы сөзі Уалихан Серікұлына берілді.
«Генерал Хон Бом До – тарихи ерліктерінің нәтижесінде бүкіл корей халқы үшін батыр болып танылды. Өздеріңіз білетіндей, Сыр өңірінде 35 этнос өкілі достық пен келісімде өмір сүруде, олардың әрқайсысы салт-дәстүрді сақтай отырып, аймақтың дамуына лайықты үлес қосуда. Шамамен 85 жыл бойы корейлер қазақ жерінде тұрып жатыр. Осы жылдар біздің ортақ тарихымыз болып саналады.
Корей этносының өкілдері әрдайым қажырлы еңбегімен ерекшеленеді. Бұған айқын мысал – Шиелі ауданының өзінде ғана корей этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек ері атағына ие болған. Ал Ақмая ауылдық округінен 16 Социалистік Еңбек ері шыққан.
Бүгінгідей игі іс ұлы батырлар мен патриоттарымыздың есімдерін жаңғыртсын. Жаңа Қазақстанды бірге жаңғыртайық», - деді.
Сондай-ақ, «Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі жетекшісінің орынбасары Юрий Ким зұлмат жылдарды, Қиыр Шығыстан үдере көшкендегі қиын кезеңдерді еске алды. Ендігі жерде мұндай нәубет жылдардың кермек дәмін бейбіт елдің ұрпағы еш сезінбесін деген тілегін білдірді.
Мұнан соң шарасына қатысушылар корей батырлары мен қауымдастықтың өмірден озған жетекшілері мен белсенділеріне арналған «Еске алу аллеясына» барып, атаулы тақтайшалармен көшеттер отырғызды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды