
08 Маусым, 2017
898
Ереваннан келген саяхатшы Астанаға «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне барады.
Қостанай арқылы жол жүріп өткен велошабандоз «Эребуни» армян қоғамдастықтығында болып қайтты.
Қазірдің өзінде 6 мыңнан астам шақырымды артта қалды. Артында - Иран, Түрікменстан және көптеген қазақстандық қалалар мен ауылдар қалды. 39 жасар Артур Оганян өзінің арнайы арбада отырғызып төрт аяқты досы, асыл тұқымды лақап аты Граф итімен бірге саяхаттап жүр.
- Тым көңілсіз болмасын деп досымды өзіммен бірге алып жүрмін,- деп күлді Артур. Ол тек арбада отырмай, жолда менімен бірге велосипед жанында жүгіріп еріп жүреді. Тәулігіне біз орта есеппен алғанда 80 км жерді еңсереміз. Мен Чаренцаванадан 11 қаңтар күні (Армения қаласы, Ереваннан 25 км қашықтықта орналасқан) шыққан болатынмын. Осы аралықта Иран мен Түрікменстанды аралап шықтым. Айтпақшы, Түрікменстанға кіру үшін маған виза алу оңайға соқпады, ал Армения елінің консулдығы маған үлкен көмек көрсетті. Жолда негізінен өте ұқыпты ілтипатты мейірбан жандар кездесті, тіптен олар өз үйлеріне түнетіп шығуға да дайын. Ақтөбеде, жергілікті полицейлер қайда бара жатқанымды сұрап, тіпті маған естелікке Қазақстанның суреті бар жалаушаны сыйлыққа тартты. Бұл менің үшінші велотурым, мен оны Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арнаймын. Астананы және көрмесін көру өзі қызықты. Бұл сіздің ел үшін үлкен оқиға болып табылады, мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тек Қазақстанмен танысып қана коймай, сонымен қатар осында құрылған және жұмыс жасайтын барлық армян қауымдастығының хал-ахуалымен таныспақпын.
Артур бірден қазақтың дәстүрлі тағамдарын - ет және самсаны сүйсініп жегенін айтып өтті. Өзінің 5 қыркүйектегі 40- жылдық мерейтойын жолда тойлайтынын күлімсіреп сөз өтті. Оған жолдағы ойлы-қырлы жерлермен жүріп өту қиынға соқпайды. Бұл үшін ол тіпті өзінің жақсы көретін құрылысшы жұмысын да қалдырды.
- Біз өз жерлесімізді қуана-қуана қарсы алдық, - дейді Қостанай облысы «Эребуни» армян қауымы төрағасының орынбасары Сергей Григорян. «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі ешкімді бей-жай қалдырмайды, жұртшылыққа осыншалықты көңіл бөліп жатқанына қуаныштымыз. Өйткені, ең алдымен, біз - қазақстандықтар үшін бұл көрме- біздің достық, бірлік, ынтымақтастық пен келісім, татулығымыздың көрінісі.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы