15 Желтоқсан, 2015
3341
Еріктілер қозғалысы туралы дөңгелек үстел өтті
Қоғамда қандай жұмыстар жасалмасын, қандай іс-шаралар өткізілмесін, оларды ұйымдастырушы, жүзеге асырушы қарапайым ғана адамдар. Бірінші кезекте, қоршаған орта мен қоғамға жаңа игі өзгерістер әкелуді қалайтындар, өздерінің сол ортаның мүшесі екендігін сезіне отырып жақсылық жасаушылар. Сонымен қатар жасаған жақсылығы мен атқарған жұмысы үшін ақы сұрамайтын жандар. Осылардың барлығын бір арнаға тоғыстырсақ қазіргі күні «Ерікті» немесе «Волонтер» деп аталатын мамандық иесі, қоғам мүшелеріне лайықты аттың иелерін көреміз.

«Ерікті» деген аттың өзі белгілі бір істі адамның өз еркімен, ешбіреудің мәжбүрлеуінсіз шын көңілден орындайтындығын білдіреді. Жалпы бұрын қоғамда ерікті не волонтер деген ат болмағанымен, қоғамға пайдасы бар игі істер ерікті түрде орындалып та отырды. Бүгінде бұл еріктілік белгілі бір деңгейде бірізділікке салынып, жұмысы ұйымдастырылған түрде ретке қойылған. Мұндай ұйымдар әлемнің көптеген елдерінде өздерінің жұмыстарын жасап келеді. Мысалы, Қызыл крест, Қызыл жарты ай, Біріккен Ұлттар Ұйымының волонтерлық бөлімдері, Еуро Одақтың волонтерлық бөлімдері, түрлі үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер.
1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 5 желтоқсан күнін Халықаралық еріктілер күні деп жариялаған болатын . Осыған орай 14 желтоқсанда Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Думан» педогогикалық тобы, Көкшетау студенттер Альянсының жетекшілері қатысқан дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы ретінде Ақмола облысының поляк қоғамдастығының жастар қанатының жетекшісі Людмила Суховецкая сөз сөйлеп, қоғамдағы еріктілердің алар орны туралы ақпарат айтты. Сонымен қатар «Думан» педагогикалық тобының жетекшісі Сұлтанбек Бекішев волонтерлық қызметтің қыр-сыры туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Дөңгелек үстел модераторы Татьяна Пяткова «Волонтерлық жұмыс түрлі бағытта атқарылады. Ол қарапайым мерекелік іс-шаралардың ұйымдастырылуынан бастап, табиғи апаттардың зардаптарын жою, электронды қызметтер, ағарту жұмыстары, аштықты, кедейлікті жоюға арналған халықаралық бағдарламалардың мүшесі болу, медициналық көмек көрсету және тағы басқалары болып табылады. Алайда мұның барлығы ақылы бола бермейді», -деп атап өтті. Людмила Суховецкая «Қазақстанда келесідей ұйымдар еріктілер жұмыстарын ұйымдастыруымен айналысады: «SOS командасы», «Добровольное Общество Милосердия», БФ «Дара», Айналайын, «Бота» қоғамдық қоры. Сонымен қатар, ЖОО қабырғаларында құрылған түрлі еріктілер ұйымдары бар. Осы секілді аталған ұйымдарда жұмыс жасайтын ерікті студенттер өздерінің қоғамға деген көзқарасын білдіріп, қандай да болмасын қоғамда болатын өзгерістерге бей-жай қарай алмайтындықтарын өз істерімен дәлелдейді. Яғни, адамның тұлға болып қалыптасу жолында тек жеке басының ғана мүддесін емес, өзге қоғам мүшелерінің де мүддесін ойлауға баулиды. Өзінен кейінгі келе жатқан іні-қарындастарының қоғамға керекті азамат болып қалыптасуына белгілі бір деңгейде үлес қосады»,- деді.
Аталмыш іс-шара барысында «Дорогою добра» деп аталған акцияның өткізілуіне байланысты әр еріктіге кішкентай жүрекше пішініндегі белгі символ табыс етілді. Осылайша еріктілер Жаңа жыл қарсаңында көп балалы отбасыларға қол ұшын созуға уағдаласты.
«Қоғамдық келісім»
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті