05 Қараша, 2015
1384
Ертегілер әлеміне саяхат!
Бала жүрегі сенгіш болғандықтан, қуыршақтар қойылымының тәрбиелік мәні зор. Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, отансүйгіштік мінез қалыптастырып жүрген, ашылғанына көп бола қоймаса да біраз асуды бағындырған өнер ұжымдары 5 қарашада Көкшетаудағы Достық үйінде Ақмола облысының Білім басқармасының ұйымдастыруымен Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен балалар театрлары және қуыршақ театрлары арасында «Теремок» фестивалі болып өтті.

Басты тақырып «Ертегілер әлемі» болса, әр ұжым берілген тақырып бойынша қойылым қөрсетуі шарт болды. Фестивалге 12 ұжым қатысты. Оның 10-ы театр үйірмелері болса, 2-еуі қуыршақ тетарлары. Облыстың 8 ауданынан жиналған өнерпаз балалардың өнерін, кәсіби әртістерден құралған әділ қазылар алқасы бағалады. Фестиваль қорытындысы бойынша қуыршақ театрларының арасында Шортанды ауданынан келген «Зеленая лампа» ұжымы 2-орынды иеленсе, Зеренді ауданының балалар шығармашылығы үйінің «Ақ бұлақ» қуыршақтар театры 3-орынға лайықты деп табылды. Ал театр ұжымдары бойынша 1-орынды Көкшетау қаласының №4 мектебінің «Рампа» театр үйірмесі иеленсе, 2-орынды Бұланды ауданынан келген «Фантазеры» үйірмесіне берді. «Қуыршақтар» және «Орбита» театрлары үшінші орынды өзара бөлісті.
Фестивалге қатысқан барлық ұйымдар облыстық Білім басқармасының дипломдарымен және мақтау қағаздарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Ұйымдастырушылар алқасы өз кезегінде балалардың ертегілер әлемінің сыйқыраны батып, оның бойындағы талантын ашу үшін, әдемілік пен нәзіктікке тәрбиелеу үшін осындай фестивалдердің өткізіліп тұратындықтарын айтты. Ал балалар болса жыл сайын «Теремок» балалар және қуыршақ театрлары фестивалінде кездесіп тұруға уәделесіп, тарқасты.
«Қоғамдық келісім»
КММ баспасөз хатшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Өскеменде теңізшілер мен саяхатшыларға қамқоршы Николай Чудотворецке арналған мереке аталып өтті
-
СҚО-да шетелдік студенттер киелі жерлерді аралап көрді
-
Елордалық ҚХА мүшелері Қарағанды облысының тарихи жерлеріне саяхат жасады
-
Елордалық ҚХА мүшелері Қарағанды облысының тарихи орындарына танымдық саяхат жасайды
-
«Берел» мұражай-қорығы: Өткен ғасырға саяхат
-
Көне Тараздан киелі Түркістанға дейін
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті