21 Ақпан, 2019
1904
Ертіс өңірінің ақсақалдары бата беруден алғаш рет ұйымдастырылған сайысқа түсті
Павлодар қаласындағы жастар бастамаларын дамыту орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Батаменен ел көгерер» байқауы өтті.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, байқаудың мақсаты бата беру дәстүрін қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі ретінде кейінгі ұрпаққа үлгі ету, халық шығармашылығын насихаттау болып табылады.
Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев байқауды ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
«Бата беру дәстүрінің тәрбиелік маңызы өте зор. Бүгінгі іс-шара халқымыздың ұлттық сана-сезімінің жаңғыруына үлкен көмек көрсетеді. Құрметті қариялар, сіздердің берген баталарыңыз Жастар жылы аясында өте маңызды, жастар сіздерден үлгі-өнеге алулары керек. Берген баталарыңыз қабыл болсын».
Іс-шараны ұйымдастырушы ұйым – облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абылай Жантөриннің айтуынша, байқау тұңғыш рет өткізіліп отыр және бұл республикалық сайысқа іріктеу кезеңі болып табылады.
«Бүгін өңірдің барлық қалалары мен аудандарынан 20 батагөй ақсақал қатысуда. Қазылар алқасына өңіріміздің белгілі ақын-жазушы, журналистер мен қоғам қайраткерлерін шақырдық. Сол кісілердің көмегімен анықталған байқау жеңімпаздары наурызда Астанада өтетін республикалық сайысқа жолдама алады. Сонымен бірге, бүгінгі жүлдегерлерімізге сыйлықтарымыз да бар», – деді Абылай Жантөрин.
Қазылар алқасына енген Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлының сөзінше, жасы үлкен адамдардан бата алу - салт-дәстүрімізге, шариғатқа сай ұғым. Бата көптеген халықтарда бар болғанымен, қазақ халқында ерекше орынға ие болған.
Конкурс нәтижесі бойынша бас жүлдені павлодарлық Балтабай Сыздықов ұтып алды. Бірінші орын екібастұздық Сайлау Байбосынға бұйырса, екінші орынды Бейсенбі Мұқажанов пен Бақытжамал Елеукенова өзара бөлісті. Қалған қатысушылар арнаулы жүлдеге ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті