
17 Мамыр, 2016
2328
Есімізде қалды... Есімізде... Есімізде сақтаймыз...
Славян мәдени орталығы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған плакаттар көрмесінің конкурсын өткізді. Іс-шараны ұйымдастырушылар жас павлодарлықтарға «Ұлы Жеңіс қазақстандықтардың жүрегінде және есінде» тақырыбына плакат шығаруды ұсынды. Конкурс 7-17 жас аралығындағы оқушылар арасында өткізілді.
Көрме-конкурстың салтанатты ашылуы 8 мамыр күні «Достық» концерт залында өтті. Қатысушылардың ең маңызды бөлігі №2 балалар көркемөнер мектебінен және дарынды балаларға арналған музыкалық мектептің оқушылары болды. Отыздан астам плакаттар мен суреттер көрме экспозициясына қойылды. Плакаттар орындалу техникасы мен шеберлігі бойынша әртүрлі болды. Графика, коллаж, аппликация, фотомонтаж, компьюарт – заманауи техниканың бәрін қолдану жас қатысушыларға еш қиындық тудырмайды екен.
Бірақ ең бастысы орындалу шеберлігі емес, жұмыстың әсерлі болғаны таңғалдырды. Қатысушылардың көбі плакат тілімен өздерінің аталары туралы айтып өтіпті. Мұны кейбір жұмыстардың атаулары-ақ айтып тұрды: «Менің бабам танкист болды» (Настя Шрамко), «Менің атам қаһарман» (Лиана Хван), «Менің есімде, мен мақтан тұтамын!» (Новаковская Марианна). Көрменің ең үлкен қатысушысы Артём Кухарев (16 жас) өз отбасының батырлары туралы үлкен плакат шығарыпты.
Барлық плакаттар марапатқа лайықты болды. Бірақ конкурстың аты конкурс. Әділ баға беру үшін, іс-шара қатысушылары вернисаждың аға қатысушыларына үш ең тартымды, есте сақталатын жұмыстарды таңдау туралы ұсыныс жасады. Көрермендер мен сайыс ұйымдастырушыларының дауыстарын қоса отырып, қазылар алқасы жеңімпаздарды белгіледі. Қатысушылар: Георгий Мари (ең жас қатысушы, 6 жас), Шалабаев Ардақ, Проненко Александра, Серенко Кира, Афанасьева Настя, Юминов Даниил, Корзюн Марианна, Шамко Анастасия сыйлықтар мен кәдесыйларды алды. Қазылар алқасы арнайы жүлдені Артём Кухаревке берді.
Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – жастардың отбасылық жадысын дамыту және ұлттық сана-сезімін дамыту. Көрме-конкурстың нәтижесін шығара отырып, ұйымдастырушылар сол мақсатқа қол жеткізді деп айтуға болады. Оқушылар мұғалімдермен және ата-аналарымен өз елінің тарихына сүйенді, өз туыстарының батылдығы мен ержүрек ерліктерін еске алды. Конкурс Жеңіс мерекесі халықтар пен ұрпақтарды біріктіре түсетінін тағы да дәлелдеді. Жеңіс – кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Елімізде және жер бетінде бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін біздің осы күнді есімізде сақтаудың маңызы өте зор.
Наталья Колодина
Ұқсас жаңалықтар
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы