
01 Қараша, 2017
1230
«Еске алу»
Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің поляк бөлімшесі педагогтары мен тәрбиеленушілерінде, 1 қараша католиктердің мақұмдарды еске алу күні Суворов және Пахомов зираттарына бару жақсы дәстүрге қалыптасып келеді. Бұл күні марқұдарды еске алып, зират басында шырақтар жағылып, хризантема шоқтары апарылады.
Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің Поляк бөлімшесінің жас буыны поляк тілінің педагогы М.Дронгпен бірге зират басына аттанды. Қолдарына құрал ұстаған жастар зират басын, саяси репрессия құрбандарына арналған ескерткішті, қуғын-сүргінге ұшырағандардың балалары тұрған №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін еске алуға арналған ескерткіштерін тазалады.
Павлодар жерінде мәңгіге қалған поляктардың туған-туыстары Польшадан жиі хабарласып, зираттарды қараусыз қалдырмауды өтініп сұрап жатады. Кейбір Белоруссия, Украинадан қуғын-сүргінге ұшыраған поляктардың өмірбаяның мұрағаттардан, қалған ұрпағынан естіген М.Дронг балаларға баяндап берді. Осы күні зират басын жинап, гүлшоқтарын қойып, шырақ жағып, көп жылдар бойы қуғын сүргендердің естеліктерін естіген балар қайғылы тарих беттерін парақтағандай болды. Осылайша, балалар Қазақстанда мәңгіге қалған жерлестерін лайықты еске алды.
Дата события ассамблеи: 01.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті