
03 Наурыз, 2016
994
«Этно-fashion» ұлттық фестивалі өтті
Халық жаны, оның сипаты мен мәдениеті - оның ұлттық костюмінде. Қазақстанда 130 астам этнос өкілдері тұрып жатқанын және олардың әрқайсысының бірегей екендігін ескерсек, онда біздің елімізді шынымен әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі деп атауға болады. Мұндай сан алуан көрініске Алғыс айту күнінде Достық үйінде куә болу мүмкін еді, өйткені осында алғашқы «Этно-fashion» ұлттық костюмдер фестиваль-конкурсы өтті.
Міне сахна төріне сұлу қазақ қызы шығып келеді, оның костюмі қызғылт бұлт іспеттес: көйлектің сәнді желбершегі, ал қамзол көне қазақ ою-өрнектерімен әшекейленген. Сәукеле үкі және кестемен безендірілген. Жігіттің үстінде - шапан, жалпақ белбеу және бөрік - барлығы алтын өрнекпен жарқырап тұр. Киімнің әр бөлшегінде еркін қазақ халқының рухы, оның сипаты мен жігері сезіледі.
Артынан орыс аруы келді. Оның сарафаны мен бас киімі – күн секілді қызыл және табиғи стильде ою-өрнекпен әдеміленген. Дегенмен ол шақиған емес, үйлесімді келген. Орыс жігіті бикештің шебер қолымен тігілген жейде киген.
Ал түрік ұлттық киімі керісінше өте ашық түсті болды. Ол киімнің алуан түсті және әр түрлі маталы қабаттарынан құралған. Маталар мен әшекейлердің көптігінен әйел қауымын анықтауға болады.
Неміс әйелдер костюмі бүрмелі белдемшеден, жейдеден, бау немесе түймемен байланатын корсеттен, сондай-ақ кесте және шілтермен өрнектелген алжапқыштан құралған. Егер алжапқыштағы бант ортасында байланса, онда бұл әйел жесір әйел деген сөз. Егер бант сол жағынан байланса, онда ол басы бос әйел, ал оң жағынан байланса, тұрмыс құрғанын білдіреді. Ал белдемшенің ұзындығы жерден сыра саптыаяғы биіктігінен жоғары болмау керек.
Әлі еврей, украин, армян, казак, татар костюмдері – барлығын атап шығу мүмкін емес! Облыстық ассамблеяның оннан астам этномәдени орталық өкілдері осы сәнді дефилеге қатысты.
«Біз фестивальдің нышаны ретінде ұлттық костюмдерді таңдағанымыз тегін емес. Әр халық үшін оның ұлттық костюмі тек ата-бабадан қалған мұра, олардың қалай тұрмыс құрғанын білу және түсіну мүмкіндігі емес, сонымен бірге өз ойын білдіру амалы болып табылады. Костюм – бұл нәтижесінде сол халықтың бет пердесіне айналған ұрпақтар еңбегінің жемісі. Біз барлық этностар өкілдерін сахна төріне жинап, олардың ұлттық костюмдерін көрікті етіп көрсетуді қаладық», - деп айтып өтті «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әсемгүл Есқожа.
Сонымен бірге костюм көрсету - фестиваль-конкурсқа қатысушылар үшін істің жартысы ғана болды. Қазылар алқасына бір ұлттық тағам пісіру керек еді. Кейін барлық қатысушыларды екі командаға бөліп, конкурс тапсырмаларына қатысуды ұсынды. Командалар киімдегі ұқсас элементтерді, ингредиенттер арқылы тағам түрін тауып алуы керек болды немесе алғашқы ноталар бойынша ұлттық биді танып, команда болып би билеу қажет еді.
«Әр конкурс қатысушылар өз салт-дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында және костюмдерінде айырмашылықтарды емес, ортақ ұқсастықтарды табуына бағытталды. Дәл осылай бірігу Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді тудырады. Қатысушылар арасындағы тығыз бірлік және олардың командада жұмыс істей білуі айқын көрінді», - атап кетті қазылар алқасының мүшесі, «Дүние жүзілік қазақтар қауымдастығы» облыстық филиалының басшысы Сағандық Салмурзин.
Сонымен бірге қазылар алқасы құрамында СҚО ішкі саясат басқармасы бөлімінің басшысы Бақша Әшірбекова және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әсемгүл Есқожа болды.
Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасы «Дружба» және «Шанырақ» командалары жеңіске жетті деп шешті. Қатысушылар мен конкурс ұйымдастырушылары мұндай нәтиженің болатынын сезген, себебі біз бәріміз бір бүтіннің бөлшегіміз, Қазақстан атты елдің тұрғындарымыз!
Александра ШЕРСТОБИТОВА
Северный Казахстан газетінің тілшісі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады