29 Қыркүйек, 2015
1647
«ЭТНО-FASHION» республикалық фестивалі өз жұмысын бастады
Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «Этно-fashion» фестивалі басталды.
Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «Этно-fashion» фестивалі басталды.
Фестиваль аясында «Асыл қазына» қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу дәуірлеріндегі ұлттық киімнің нобайлық (эскиздік) жобаларының көрмесі мен «Ата өнері - ұрпаққа мұра» қолдан жасалған бірегей тауарлардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар іс-шара бырысында этнопедагогика бойынша «Тіл – достықтың алтын көпірі»; «Ертегілердегі ел даналығы: оқытамыз және бірге оқимыз»; «Қазақ ұлттық киімінің философиясы» тақырыптарына арналған «Халық даналығының қайнары» атты ашық сабақтар өткізілді. Этнопедагогика бойынша өткен ашық сабақтарды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Сараптамалық кеңестің хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ф.ғ.к. - Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы (Астана қаласы), Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы директорының орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы ҒСК мүшесі, ф.ғ.д. - Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы (Астана қаласы), Қазақстан қолөнершілері одағының төрайымы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі - Бекқұлова Айжан Әбдіманапқызы (Алматы қаласы) жүргізді.
Фестиваль бірінші бөлімінің соңында Қазақстанның танымал дизайнерлері шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар дизейнерлерге сұрақтар қойып, пікір алмасты, сондай-ақ, дизайнерлер мен іс-шара ұйымдастырушыларына шексіз алғыстарын білдірді.
«Батыр» балалар мен жасөспірімдер клубының жетекшісі Айымбетов Қанат Ыбырайұлы «Асық ату» тарихына тоқталып, балалар арасында «Алты ату» ұлттық ойынын өткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті