29 Қыркүйек, 2015
1407
«ЭТНО-FASHION» республикалық фестивалі үздіктерді анықтады
2015 жылғы 29 қыркүйек күні Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы іс-шараларының шеңберінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «Этно-fashion» фестивалі өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов, «ЭТНО-ЭРАТО» халықаралық жоғары сән конкурсының төрайымы Р.М.Қанапьянова, ҚХА, дипломатиялық миссиялар мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов: «Қазақ хандығының 550 жылдығы – баршамыз үшін елеулі оқиға. Халқымыздың тарихы ежелгі дәуірлерден бастау алады: сақ дәуірі, ғұндар, Түрік қағанаты және т.б. Әр кезең біздің мәдениетімізде ойып тұрып орын алды. Еліміздің әр азаматы өз жанұясының мүшесі ретінде бір-бірі үшін уайымдау керек. Тек біз ғана біртұтас болашақ пен мемлекеттіліктің негізін қалай аламыз»,-деді.
Фестивальде еліміздің 12 өңірінен келген 70-тен астам сәнгерлер, дизайнерлер мен халық ішінен шыққан шеберлердің жұмыстары көрсетілді.
Фестивальдің салтанатты жабылуында ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылық секторының меңгерушісі Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарын Аубакирова Жанна мен Исина Венараға табыстады. Өз сөзінда Назипа Ыдырысқызы: «Мәдениет пен өнер бізді біріктіретін күш. Киім мен халық өнерінің әсемдігі бірлік пен біртектілік философиясының негізі болып табылады»,-дей келе барша қатысушыларға алғысын айтып, шығармашылық табыс тіледі.
Бірегей жұмыстар 12 аталым бойынша атап көрсетіледі. «ЭТНО-FASHION» республикалық фестивалінің жеңімпаздары: «Ұлы дала рухы» номинациясында- О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледж студенттері, «Этностық сарындар» номинациясында - «Әдемі» және «Ғажайып қала» балабақшалары, «Фестиваль жаңалығы» номинациясында - Смағұлова Гульнар, «ҚХА Депутаттық тобы атынан арнайы сыйлық» номинациясында - "Райса" сән театры, «Этно-Эрада» байқауы атынан арнайы сыйлық» номинациясында - Тұрғанбек Ақмөлдір, «Көрермендер көзайымы» номинациясында - Ким Екатерина, «Этностиль» номинациясында - Жұмағалиева Зарина, «Ұлттық дәстүрді сақтаған үшін» номинациясында - Ахметова Анель, «Фестивальдің ең жас қатысушысы» номинациясында – Әбдіқалық Шолпан.
Ең үздік шеберлер Мәскеу қаласында өткізілетін халықаралық «Этно-Эрато» конкурсы шеңберіндегі ұлттық киімдер фестиваліне Қазақстан атынан қатысады.
Сонымен қатар аталмыш іс-шара барысында ұлы даланың салт-дәстүрлері мен мәдениетінің элементтерін жаңғырту бойынша «Мәңгілік Аманат» театрландырылған қойылымы өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды