08 Қыркүйек, 2017
1359
ЭТНО-ФОЛЬКЛОР-ДЖАЗ ФЕСТИВАЛІ
2017 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қаласы «Этноауыл» кешеніндегі Ethno Music Hall-да Қазақстан халқы Ассамблеясының этно-фольклор-джаз фестивалі өтті.
Іс-шараға ҚХА мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, Қазақстан эстрадасының әртістері, жастар қатысады.
Фестивальдің мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблесын заманауи, стильді, инновациялық музыкалық бағыттармен таныстыру, жастар арасында этникалық әуендерді дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы, Қазақстан аумағында мекен ететін этностардың тарихи-мәдени мұраларын сақтаушы және мәдени дамытушы институт ретінде насихаттау.
Фестивальде қазақстандық және шетелдік музыкалық ұжымдар өнер көрсетті.
Фестиваль шеңберінде шеберлік сабақтары, Фестивальге қатысушы үздік өнерпаздар мен қонақтардың гала-концерті өтті.
***
Этностиль – бүгінде халықтық бағыт ретінде күн өткен сайын танымалдығы артып келе жатқан стиль. Бұл өмірдің барлық саласына, соның ішінде музыка бағытына да қатысты жай. Заманауи музыка этно-фольклордың элементтерімен тамаша үйлесіп, қазіргі заманғы қазақстандық музыка мәдениетінің жеке бағыты ретіндегі ерекше этникалық стильді құрайды.
Бүгінде Қазақстанда музыканың классикалық бағыттары, соның ішінде джаз бағыты қарқынды түрде дамуда. Джаз – еркін музыка, импровизация және адам ойын білдірудің үйлесімді синтезі болып табылатын қазіргі заманғы музыкалық бағыт. Осы ерекшелігімен де ол Азия халықтарына, соның ішінде Қазақстан халқына түсінікті әрі жандарына жақын.
Фестивальдің негізін этно, фольк вариацияларында орындалатын джаз классикасы құрайды. Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды сияқты ірі қалаларда джаз музыкасының әртүрлі конкурстары мен фестивальдері өткізіледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында бірінші ашық этно-фольк-джаз фестивалінің өткізілуі этномәдени бірлестіктердің қатысуымен музыкалық ортаның дамуындағы жаңа белес болып табылады.
Дата события ассамблеи: 11.09.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті