29 Ақпан, 2016
1036
Этномәдени бірлестік өкілдері әскери қызметкерлерді Алғыс айту күнімен құттықтады
1 наурыз Алғыс айту күні – ең алдымен, еліміздегі тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні.
Атаулы күнді атап өту мақсатында, Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлестік төрағалары Маңғыстау облыстық кітапханасында № 6656 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесті.
Алғыс айту күні бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі, - деді жиында сөз алған «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің өкілі Маргарита Клее.
- Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Сондай-ақ, бұл күн Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің қазақтарға алғыс айтатын күні деп білемін. Себебі, қиын-қыстау кезеңде менің ата-әжем Қазақстанда қоныс аударып келгенде, қазақтар оларды құшақ жая қарсы алып, жылы қабақ танытып, тіпті тамағына дейін бөліп берген. Біздің әулеттің үлкендері әрдайым дастархан басында қазақтардың мейірімділігі мен қамқорлығын айтып көздеріне жас алып отырады. Мен Тәуелсіз қазақ елінің амандығын тілеймін. Еліміз аман болса, барлығы жақсы болады, - деді М.Клее.
Алғыс айту күні – өзара көмек көрсету мен қолдау күні, - дейді «Ала-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрбанәлі Ғазибеков.
Алғыс айту күнін қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің жарқын күні деп білемін. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бүгінде Қазақстанда тұратын қаншама ұлт қазақтарға рахметін айтудан жаңылмайды. Себебі, қазақтар қиын-қыстау кезеңде қаншама ұлтты бауырына басып, жақынындай көрді. Олардың мұндай жақсылығын ұмытпай, ұлықтау біздің азаматтық парызымыз деп білеміз, - деді Қ.Ғазибеков.
Іс-шара соңында этномәдени бірлестік төрағалары шараға қатысқандарға және бір-біріне өз алғыстарын айтып, естелікке суретке түсті.
МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22