26 Желтоқсан, 2016
803
Этномәдени бірлестік өкілдеріне облыс әкімінің гранттары берілді
Бүгін Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің жұмысының жылдық қорытындысы бойынша этномәдени бірлестік төрағаларына облыс әкімінің грантын салтанатты жағдайда тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыс ассамблеясы хатшылығының, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыс этномәдени бірлестіктерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Салтанатты іс-шараны облыс әкімі К.Көкірекбаев ашты.
Ол өз сөзінде биылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында «Қайырымдылық керуені», «Ұлы дала тарихы», «Үлкен Ел-Үлкен отбасы», «Мың бала» атты жобаларының жақсы нәтижелерге жеткенін, бұл жетістіктерге жетуде облыс этномәдени бірлестіктерінің қосқан үлесінің зор екенін айтып өтті. Жұмыла отырып өткізілген ірі қоғамдық-саяси шаралар мемлекетіміздің беделін бекемдеп, қоғамның ұйысуына септігін тигізді. Бұл - егеменді мемлекеттің, Тәуелсіз ел халқының жасампаз істерінің жемісі. Өңір басшысы алдымызда үлкен жауапкершілікті қажет ететін істер тұрғанын айта келіп, этномәдени бірлестіктердің қоғамдық жұмыстарына табыс тіледі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен және «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық бөлімінің жетекшісі Л.Лысова, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен «Әулие - Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Сарыбеков марапатталды. Облыс әкімі К.Көкірекбаев облысымыздың қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, этносаралық келісімнің нығаюы мен дамуына, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге үлес қосқаны үшін этномәдени бірлестік жетекшілеріне салтанатты түрде гранттарды тапсырды.
Кездесу соңында этномәдени бірлестіктер басшылары бұл марапаттардың алдағы уақытта этномәдени бірлестіктердің қоғамдық және творчестволық жұмыстарына үлкен ықпал ететінін айта отырып, ризашылықтарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды