19 Қыркүйек, 2015
1355
Этномәдени бірлестік мүшелері қала күнінде Рубен Григорян ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлестік мүшелері 19 қыркүйек күні Ақтау қаласының 52 жылдығына орай, Рубен Григорян ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Тағылымды іс-шараға этномәдени бірлестік мүшелерімен бірге қала әкімі Серікбай Трұмов, ардагерлер, мұнайлы аймақтың белсенді жастары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Рубен Григорян - Шевченко қаласының құрылысына атсалысқан алғашқы белсенділердің бірі. Ол 1961-1971 жылдар аралығында Маңғыстау жерінде еңбек етіп, Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинатының алғашқы басшысы болған.
Іс-шара барысында жиналғандар Рубен Григорян туралы естеліктер айтып, өз ойларын ортаға салды. Солардың бірі, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Айрапет Курдоглян. «Бүгін ақмаржан қала Ақтаудың туған күні. Осы 52 жыл ішінде шаһарымыз адам танымастай өсіп-өркендеді. Мұның барлығы жергілікті әкімшілік пен қала тұрғындарының жемісі деп білемін. Мен осындай әдемі қаламды мақтан етемін. Қала күнін тойлау барысында біз бүгін ең алғаш қала құрылысына өз үлесін қосқан жанның бірі Рубен Григорянның ескерткішіне келіп, гүл шоқтарын қойдық. Мұндай жандарды ұмытпай, ұлықтау біздің азаматтық парызымыз деп білемін», деді ол.
МОӘА «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15