Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қыркүйек, 2015

1180

Этномәдени бірлестік мүшелері қазақ-түрік лицейінің оқушыларымен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына аясында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, этномәдени бірлестіктер мен «Нұр Отан» партиясының МОФ қызметкерлері облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушыларымен кездесті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына аясында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, этномәдени бірлестіктер мен «Нұр Отан» партиясының МОФ қызметкерлері облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушыларымен кездесті.

Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Джайлханова, этномәдени бірлестіктер төрағалары, қазақ-түрік лицейінің оқытушылары мен оқушылары, «Нұр Отан» партиясының МОФ кеңесшісі Есберген Іңірбайұлы қатысты.

Тағылымды жиын бұқараға Маңғыстау облысында тұратын түрлі ұлт өкілдері жайында түсінік беру мақсатында өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы жайлы аталмыш оқу орнының оқытушылары мен оқушыларына кеңінен мағлұмат берілді. Кездесу аясында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Джайлханова биылғы жылы тойланып жатқан атаулы даталарға тоқталып, «Қоғамдық келісім» КММ мен Маңғыстау облыстық білім басқармасы жасақтаған «Маңғыстау – келісім мен бірліктің мекені» атты ашық сабақ жайында айтып өтті. «2015 жылы  бірнеше мерейлі мерекелер: Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚХА 20 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы және Жеңістің 70 жылдығы тойлануда. Осы айтулы даталарды ескере отырып, біздің мекеме мектепке арналған «Маңғыстау–келісім мен бірліктің мекені» атты бейнефильм мен ақпараттық кітапша дайындады. Бүгін сол фильм мен кітапшаны өздеріңіздің назарларыңызға ұсынамыз. Сіздер өздеріңізге қажетті ақпарат аласыздар деген сенімдеміз», деді ол.

Кездесу аясында «Нұр Отан» партиясының МОФ кеңесшісі Есберген Іңірбайұлы ҚХА туралы ойларын ортаға салды.

Оқушылармен болған кездесуде қазақ-түрік лицейінің директоры Жеңіс Телемисов іс-шараға арнайы қатысқан қонақтарға: «Біздің білім ордамызға келіп, оқушыларымызға арнайы көңіл бөліп өз ойларыңызды ортаға салып жатқандарыңызға  мың алғыс. Кең байтақ Қазақстанымыз аман болсын», - алғысын білдірді.

Жиында оқушылар қонақтарға сұрақ қойып, оған тиісті жауап та алды. Іс-шара соңында «Қоғамдық келісім» КММ оқушылардың арасында ойын-викторина ұйымдастырды. Сұрақ-жауап сайысына белсенді қатысқан оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

МОӘА «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кейін қарай