03 Наурыз, 2016
832
Этномәдени бірлестіктер полиция қызметкерлерін құттықтады
Алғыс айту күнінде Ақтаудағы этномәдени бірлестік төрағалары Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті қызметкелеріне алғыс айтты. Мерекелік жиын барысында департамент қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.
- Біз үшін бұл күнді атап өту зор құрмет, - деді іс-шара барысында сөз алған департамент қызметкері Ақтолқын Азизаева. - Бұл – қазақстандықтардың бірлігі мен достығын нығайтуға бағытталған мерекенің бірі. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының іске асырылуының көрінісі және еліміздегі барлық этностарды бір шаңыраққа топтастырған ҚХА күні.
– Қиын-қыстау кезеңде мыңдаған ұлтты өз бауырына басқан қазақтарға мың алғыс, деді іс–шарада сөз алған «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Магомед Лорсанов.
«Біз үшін Қазақстан – екінші Отанымыз. Біздің отбасымызды тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аудартып жібергенде, бізді қазақтар мейірімділікпен қарсы алды. Олар бізге тіпті қолдарындағы нанына дейін бөліп берді. Айта берсек, мұндай фактілер өте көп. Біз күн сайын түрлі этностардың өкілдерімен кездесеміз. Біздің талқылар тақырыбымыз тарихпен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда біздің аман отырғанымыз, осы қазақтардың арқасы деп білемін. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Нұрсұлтан Назарбаев – біздің көшбасшымыз. Біз Елбасының нұсқаған сара жолымен жүріп отырсақ, жақсы жетістіктерге жетеміз», деді М.Лорсанов.
Шара соңында жиын қатысушылары бір-біріне алғыс айтты.
МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10