Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Маусым, 2015

1227

Этномәдени бірлестіктер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

1997 жылдың 31 мамырын Мемлекет басшысы «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, жарлыққа қол қойған болатын. Содан бері Қазақстандықтар осы күнді қалт жібермей, зұлмат заманда жазықсыз құрбан болған азаматтарын еске алып келеді.

1997 жылдың 31 мамырын Мемлекет басшысы «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, жарлыққа қол қойған болатын. Содан бері Қазақстандықтар осы күнді қалт жібермей, зұлмат заманда жазықсыз құрбан болған азаматтарын еске алып келеді.

Маңғыстаулықтар да жылдағы әдетінен жаңылмай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, Жалау Мыңбаев пен Тобанияз Әлниязұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, зобалаң жылдар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рахымбек Әміржанов, Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин, «Нұр Отан» партиясының МОФ, денсаулық сақтау басқармасы, ҚХА Маңғыстау облысындағы хатшылығы, Маңғыстаудың құрметті азаматтары, «Қоғамдық келісім» мекемесі, студенттер, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен этномәдени бірлестік басшылары қатысты.

«Саяси  қуғын – сүргін  мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен  көз жасына суарылған тарихтың  шерлі беттерінің бірі болып қала бермек. Әкімшілік – жазалаушы  жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Бұл сұрапыл жылдар мәңгі менің жадымда. Себебі, біздің отбасымызда кезінде Қазақстанға жер аудартқан. Менің ата-анам әрдайым қазақ деген халықтың ұлылығын айтып отыратын. Бізге көп көмектескендігін, мейірімділік танытып, құшақ жая қарсы алғанын айтып көздеріне жас алатын. Мен осындай мейірбан, ұлы халықтың алдында басымды иемін. Олар біздің дінімізге, тілімізге қарамай бізді ерекше құрметтеді. Сол заңдылық қазірде жақсы сақталған. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың арқасында бүгінде ҚХА құрылып бізге деген қамқорлық одан сайын арта түсті. Мен бүгінде балаларыма қалжыңдап адайдың «корейімін» деп айтып отырамын. Ондай ойым маңғыстауда тұратын халықтың бізді кеудеден итермей ерекше құрметтегенінен туындады. Мен, кең байтақ Қазақстанымды сүйемін! Біздің ендігі жерде  борышымыз - осы қаңқұйлы  жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі еске сақтау»,  деді жиында сөз сөйлеген саяси қуғын-сүргін құрбанының ұрпағы, корей ұлтының өкілі Ким Анисия Максимовна.

«Зұлмат заманның зардабын тартқан Маңғыстаудың күрескер ұлдары Жалау Мыңбаев пен Тобанияз Әлниязұлы жазықсыз құрбан болып, халық жауы атанған. Оларды ұмытпай, ұлықтау біздің азаматтық парызымыз», деді жиында сөз алған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рахымбек Маршалұлы.

Кейін қарай