04 Шілде, 2018
833
Этномәдени бірлестіктер жаңа туған перзенттерге домбыра сыйлады
Шілде айының бірінші жексенбісі – Домбыра күні елімізде атап өтілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтар барша қазақстандықтар үшін ортақ игілікке айналған.
Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында және өңірдегі он ауданда этномәдени бірлестіктердің демеушілігімен «Ұлттық домбыра күнінде» сол туған перзенттерге қазақ халқының қасиетті ұлттық аспабы – домбыраны сыйлау рәсімі өткізілді.
Тараз қаласындағы перинаталдық орталықта Домбыра күнінде жаңа босанған аналар Жазира Исмаилованың 3 кг 368 гр. боп туған Қазына есімді қызына, қалалық №1 аурухананың босану бөлімінде жатқан Валентина Кузнецованың 2 кг 566 гр. етіп өмірге әкелген қызы Дианаға және қалалық перинаталдық орталықта Ғазиза Нұрмаштың 3кг 700 гр етіп босанған қызын Ұлттық домбыра және Астана қаласының 20 жылдығымен құттықтап, үш перзенттің анасына «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмутжон Давришев, бірлестік мүшелері Ибрагим Зуфаров және Зульфия Фарманова қазақтың ұлттық аспабын сыйға тартып, шын жүректен құттықтады.
Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы жас аналардың перзенттеріне ұзақ ғұмыр тілеп, Ұлттық домбыра күнімен және Астана күнінің 20 жылдығы мерекесімен құттықтап, мемлекетіміздің ұлттық құндылықтарын қадірлей білетін отаншыл ұрпақтар қатарының артуына ақжарма тілегімен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды