23 Қазан, 2025
78
Этномәдени бірлестіктердің басшыларының кездесуі өтті
Этномәдени бірлестіктердің басшыларының кездесуі өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Родный кут» Беларусь мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы Дмитрий Останькович, Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарёв, сондай-ақ Қазақстан украиндары Радасының төрағасы Юрий Тимощенко қатысты.
Кездесу барысында этномәдени бірлестіктердің басшылары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында айтылған тапсырмаларды орындау бағыттарын, ҚХА-ның 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының жүзеге асу барысын талқылап, этномәдени бірлестіктердің өзара ынтымақтастығын нығайту және қызметін жандандыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Мерейтойлық жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінде «Заң және тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асырудың маңызды кезеңі болғаны атап өтілді. Осыған байланысты қатысушылар «Әралуандықтағы бірлік» қағидаты аясында өзара іс-қимылды дамыту және этносаралық диалогты кеңейтуге бағытталған серіктестік байланыстарды нығайту, бірлескен мәдени және қоғамдық бастамаларды ілгерілету мәселелерін қарастырды.
Қатысушылар Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары - Ақсақалдар кеңесімен, Аналар кеңесімен және «Ассамблея жастары» ұйымымен бірлескен жобалардың маңыздылығын атап өтіп, патриотизмді нығайтуға, инклюзивті ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстан халқының бай мәдени мұрасын сақтауға қосып отырған үлесіне назар аударды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
-
Баку қаласында АӨСШК-ның Жастар кеңесінің 8-отырысы өтті