
23 Ақпан, 2016
877
Этномәдени бірлестіктерге арналған семинар-тренинг
Достық үйінде «Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша этномәдени бірлестік өкілдерінің әлеуетін жетілдіру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараны Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облысындағы этномәдени бірлестіктерінің қызметін белсенді жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Олар қоғамда тұрақтылық және ұлтаралық келісімді нығайтуға, халықтар достығын насихаттауға және басқа да қоғамның өзекті мәселелерінің шешілуіне атсалысуға бағытталған.
- Маңызды мәселеге арналған мұндай семинар-тренингке қатысқаныма ризамын, дейді Т.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестегінің мүшесі Владимир Лесниченко. - Семинар-тренинг халықаралық стандарттың негізіне сүйеніп жасалған, мен өзім бизнесте осы халықаралық стандарттарды енгізумен айналысамын, бүгінгі тренингке қатыса отырып халықаралық стандарттарды бизнеске ғана емес, үкіметтік емес ұйым қызметінде қолдануға болатындығына да көз жеткіздім».
Семинар-тренинг барысында «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жібек Ахметова әлеуметтік жобаның маңызын айтып өтті.
- Біздің мақсат этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне мемлекеттік тапсырысты қалай алу керектігін, сонымен қатар, бөлінген қаржыны қалай игеруді үйрету. Біз сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс алған соң, іс-шараларды қалай жоспарлау керектігін де үйретеміз. Семинар қорытындысы бойынша барлығына арнайы сертификаттар табыстаймыз, - деді Ж.Ахметова.
Семинар барысында этномәдени бірлестік мүшелері өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
- Бізді әлеуметтік жобалармен қалай жұмыс жасау керектігін үйреткен «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігіне алғысым шексіз, дейді «Алан» осетин этно-мәдени бірлестік төрайымы Фатима Биркле. - Бүгінгі семинарда қоғамдық ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша өтінімді қалай дайындау керек, шығармашылық және қаржылық есеп жасақтау әдістерімен таныстық. Мұндай оқыту шаралары жүйелі түрде жүргізілуі қажет деп есептеймін. Әлеуметтік жобалар бойынша көптеген тың мәліметтер алдым».
Семинар-тренинг соңында қатысушылардың барлығы арнайы сертификаттар алды.
МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті