18 Қыркүйек, 2025
84
«Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу бағдарламасы өтті
2025 жылғы 15-18 қыркүйек аралығында Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Академиясы «Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу бағдарламасы өтті.
Іс-шараны Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ҚХА кафедрасы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ және ҚХА кафедралары қауымдастығы «Шаңырақ» ұйымдастырды.
Бағдарламаға ҚХА Журналистер клубтарының төрағалары, этноБАҚ редакторлары, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшылары мен медиа саласының өкілдері қатысты. Бес күндік оқыту барысында қатысушылар медиасауаттылық, сөйлеу мәдениеті, «өшпенділік тілін» еңсеру, әлеуметтік желілермен жұмыс, антикризистік PR, этносоциалдық тақырыптарды жариялаудың заманауи тәсілдері бойынша семинарлар мен тренингтерге қатысты.
Бағдарламаның практикалық бөлігі аясында этнотақырыптық бейнероликтер әзірлеуге арналған іскерлік ойындар, еліміздің жетекші БАҚ өкілдерімен дөңгелек үстелдер, фокус-топтық пікірталастар және тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.
Академия жұмысы «Медиадискурстағы этносаралық қатынастар: мәселелері және конструктивті жариялау жолдары» атты дөңгелек үстелмен қорытындыланып, қатысушыларға ЕҰУ-дың белгіленген үлгідегі (32 академиялық сағат) сертификаттары табысталды.
ҚХА Академиясы этножурналистиканың жаңа тәсілдерін қалыптастыруға және БАҚ-тың қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайтудағы рөлін арттыруға арналған маңызды алаңға айналды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Студенттік Ассамблеялардың I республикалық форумында жастардың басын қосты