02 Желтоқсан, 2022
392
Этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлау бойынша екі күндік семинар-тренинг өтті
2022 жылғы 1-2 желтоқсан аралығында Алматы облысы, Қонаев қ. Медиация кеңесі отырысы шеңберінде этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлау бойынша екі күндік семинар-тренинг өтті.
Аталған іс-шара этносаралық шиеленістердің, этносаралық ксенофобия көріністерінің, зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу шараларын іске асыру, қоғамда толеранттылық және этносаралық келісім мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Іс-шара аудандық және ауылдық округтердің әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары, жалпы білім беретін мектептер директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, азаматтық қоғам институттарының, ҚХА облыстық қоғамдық құрылымдарының өкілдері, сарапшылар мен БАҚ өкілдеріне арналып өткізілді.
Семинар-тренинг барысында этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу бағдарламасының авторы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Парасат» медиация және құқық орталығының директоры Г. Урозбаева, медиация бағдарламасының авторы және әзірлеушісі, «Парасат» медиация және құқық орталығының жаттықтырушысы М. Адаев және медиатор, психолог-кеңесші, медиация жөніндегі бағдарламалардың авторы Б. Амангелді тақырыпты кеңінен тарқатып, жиналғандарға ол жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Семинар аясында жергілікті атқарушы органдар мен өңірлердің жұртшылық арасынан кәсіби келіссөз жүргізушілерді және этномедиаторларды даярлау, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың, тұрмыстық негізде жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, этносаралық жанжал жағдайларын реттеу кезіндегі медиативтік тәсілдер бойынша ұсыныстар қаралды.
Семинар-тренинг соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Анықтама үшін: Медиация – бұл үшінші тарап болып табылатын тәуелсіз тұлғаны тарта отырып, сотқа дейінгі тәртіппен жанжалды жағдайларды шешу. ҚХА медиация институтын дамытудың үйлестірушісі республикалық Медиация кеңесі болып табылады. Бірлескен ынтымақтастық туралы (ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, ҚР Судьялар Кеңесі, ҚР Республикалық адвокаттар алқасы, ҚР Республикалық нотариаттық палатасы, ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, «Тұран-Астана» университеті және т.б.) 20-дан астам меморандумға қол қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый