27 Тамыз, 2022
482
Қостанай облысында этномедиация бойынша семинар болып өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы–Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ тапсырысы бойынша 24-26 тамыз аралығында Қостанай қаласында «Этномедиация – қызметтің түрлі салаларындағы ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу құралы» тақырыбындағы оқыту семинар-тренингі болып өтті.
Семинар-тренинг жұмысына қоғамдық және кәсіби медиаторлар, этномәдени бірлестіктер мен облыстық ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде ауыл әкімдері, облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.
Үш күндік семинардың бірінші күні Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының оқытушысы – Ж. М. Руденко сөз сөйледі.
Спикер тыңдаушылармен шағын дәріс форматында жұмыс жасап, практикалық тапсырмалар жүргізді. Өз кезегінде аудитория семинар-тренинг тақырыбын талқылау және пікірталас жүргізу арқылы өз белсенділігін танытты.
Дәріс барысында Ж.М. Руденко семинар қатысушыларын «тобыр», «топ» терминдерінің психологиялық ерекшеліктерімен және «келіссөз жүргізуші» ұғымымен таныстырды.
Семинардың екінші және үшінші күндері тыңдаушылармен Алматы қаласынан келген медиатор-тренері Г.А. Урозбаева жұмыс жасады.
Осы күндері қатысушылар этносаралық қақтығыстардың пайда болу себептерін және оларды шешу жолдарын талқылады.
Жалпы алғанда, семинар-тренингтің жұмысы мазмұнды, қызықты болып, қатысушылар түрлі пікірсайыстар өткізу және кейстерді анықтау кезінде ерекше белсенділіктерін танытты.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті