22 Тамыз, 2024
352
Этномедиацияның базалық негіздері
Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтылған этномедиация мәселелері бойынша пайдалы тәжірибені масштабтау қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында бүгін "Қоғамдық келісім" КММ-де «Этномедиацияның базалық негіздері» 2-күндік семинар-тренингібасталды.
Іс-шараны мекеме басшының м.а. А.Нұрмағанова ашып, семинар қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Айгүл Бейсенбайқызы қазіргі жағдайдағы этномедиацияның маңыздылығы туралы айтып, қажет болған жағдайда этносаралық қақтығыстарды реттеу үшін қолдануға болатынтиісті дағдыларды игеру мен оқуда табыстіледі.
Мекеменің талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.Қ. Раев қатысушыларға оқыту бағдарламасын айтып, олардың назарын осы өткізілетін іс-шараның біздің аймақ үшін маңыздыздылығына аударды.
Іс-шараның мақсаты практикалық қызмет үшін этносаяси процестерді талдау және болжау, этномедиация саласы туралы тұтас түсінік, жанжалдағы өзара іс-қимылдың тиімдітехнологияларымен, күрделі жағдайларды сындарлы шешу әдістерімен, сондай-ақ қақтығыстар, дағдарыстық жағдайлар саласында, ішкі саясатты жоспарлауға, жанжалдардың алдын алуға және реттеуге бағытталған оңтайлы басқару шешімдерін іздестіру саласында құзыреттердіқалыптастыру болып табылады.
Семинарға ауылдық округ әкімдері, білім беру,ішкі саясат, құқық қорғау органдары, жастар ресурстық орталықтары, этномәдени және қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысады.
Ұқсас жаңалықтар
9 Ақпан, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
9 Ақпан, 18:31
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
5 Ақпан, 18:45
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
6 Ақпан, 18:55
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қонаев қаласындағы Достық үйінде Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы активімен кездесті