Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Сәуір, 2016

1145

«Этнопоэтика көп мәдени қоғамда толеранттылықты тәрбиелеу құралы ретінде»

2016 жылғы 31 наурызда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Петропавл  қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінің орыс тілі мұғалімдеріне, кітапханашыларына, № 17 ұлттық өркендеу ОМ-кешенінің ана тілі мұғалімдеріне, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен мүшелеріне, мемлекеттік және мектеп мұражайлары қызметкерлеріне, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары мен студенттеріне «Этнопоэтика көп мәдени қоғамда толеранттылықты тәрбиелеу құралы ретінде» тақырыбында үйрететін ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.  

Семинардың мақсаты  этнопоэтиканы көп мәдени қоғамда толеранттылықты тәрбиелеу құралы ретінде тәжірибеде қолдану жолдары мен әдістемелік базасын анықтау болды.  

Мынадай міндеттер анықталды:

– мектептерде жұмыс тәжірибесіне әдеби өлкетану шағын мұражайларын енгізудің басты жолдарын көрсету;

–  солтүстік қазақстандық ақындардың мәтіндерін этнопоэтикалық талдаудың әдіснамалық негізімен таныстыру;

– орыс тілі мен әдебиетін оқыту тәжірибесінде этнолингвистика негіздерін қолдану жолдарын анықтау;

– мәтіндерді этнопоэтикалық талдаудың  материалдарын Солтүстік Қазақстан облысы этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ жұмысында қолдану мүмкіндігін қарастыру.

Семинар жұмысында мынадай тақырыптарда баяндамалар жасалды:

"Направления деятельности научно-методического объединения кафедры АНК СКГУ им. Козыбаева по вопросам  межкультурного взаимодействия» Гривенная Людмила Александровна –  «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент.

«Презентация методического пособия «Этнопоэтика как средство воспитания толерантности» Оспанова Ирина Витальевна ф.ғ.к., «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценты.

«Научный проект  «Мини-музеи литературного краеведения в школе». Табакова Зинаида Петровна  –  ф.ғ.д., «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры.

«Я от вас своих мыслей не скрою» (о творчестве поэтессы России из села Лузинка Валентины Дмитриченко) Дмитрик Татьяна АнатольевнаСҚО Есіл ауданы Лузин орта мектебі.

«Работа литературного объединения Северо-Казахстанской области» Матвеева Ирина АлексеевнаСҚО мұражай бірлестігінің маманы.

«Развитие лингвокультурных компетенций учащихся  на уроках русского языка» Мисяченко Светлана Викторовна –ф.ғ.к., «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценты.

«Поэтические произведения Альфреда Николаевича Пряникова» - «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенттері: Бектұрғанова Раушан, ОӘ-13 тобы, Беженева Анастасия, ОӘ-13 тобы, Петров Богдан, Ж-15 тобы.

Семинар жұмысы барысында мынадай ұсыныстар берілді:

–  мектептерде жергілікті ақындардың шығармашылығын зерттеу бойынша шағын мұражайлар құру;

–  оқу жұмысында және оқушылардың ғылыми қоғамында (ОҒҚ) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін, оларды ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыратын және мәдениаралық толеранттылықты қалыптастыратын жобалар әдісін кең қолдану;

- орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында лингвомәдениеттану және діл құзыретін дамыту;

– білім беру және мәдени-ағартушылық мекемелердегі әдеби өлкетану мәселелері бойынша мәдени –көпшілік іс-шараларды қолдану.

Барлық қатысушыларға әдістемелік материалдар берілді және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасымен мектеп оқушыларының ғылыми жобаларын, факультативтік сабақтар бағдарламаларын дайындау, этносаралық және мәдениаралық өзара әрекетке қатысты мектептен тыс іс-шаралар өткізу бойынша ынтымақтастықта болу ұсынылды.

   

Кейін қарай