18 Тамыз, 2023
502
Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин Батыс Қазақстан облысының өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен ҚХА мүшелерімен кездесті
2023 жылғы 18 тамызда Батыс Қазақстан облысының Достық үйінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин этносаралық қатынастар саласына жұмысқа тартылатын жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдары, білім саласының өкілдеріне арналған семинар өткізіп, өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен ҚХА мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында этносаралық саланың өзекті мәселелері, оның ішінде этникалық және тілдік белгілеріне қарамастан азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, қоғамдағы толерантты қатынастарды дамыту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және халық бірлігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Ғ. Шойкин Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттарын түсіндірді. Сонымен қатар, ол этносаралық тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін жағымсыз үрдістерді алдын алу, этникалық белгісі бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген бейнелеріне жол бермеу, этномәдени бірлестіктердің БАҚ-пен және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді өзара іс-қимылының қажеттілігі, ақпараттық ашықтық, сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы атап өтті.
Ашық диалог нәтижесінде мемлекеттік және құқық қорғау органдары, білім беру орындарында этносаралық шиеленістерге жол бермеу, этномәдени бірлестіктерге жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
Іс-шараны қорытындылай келе, Ғ. Шойкин қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысының Ұйғыр ауданында аудандық ҚХА мүшелерімен кездесу өтті
-
Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездесу өтті
-
«Жеңіс - бірлікте» ҚХА спорттық платформасы аясында пауэрлифтингтен «Алтын Батыр 5» Әлем чемпионаты өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Риддер қаласындағы Достық үйіне барды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті
21 Қыркүйек, 08:53
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
21 Қыркүйек, 08:50
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
24 Қыркүйек, 23:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
23 Қыркүйек, 18:59
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті
23 Қыркүйек, 23:51
ШҚО-да «Достық тәжірибелері: нәтижелі үлгілер» атты сараптамалық сессия өтті