20 Тамыз, 2015
1910
Этносаралық келісім – Қазақстан халқы бірлігінің негізі
2015 жылғы 20 тамыз Тайынша ауданы Чкалов ауылында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында «Этносаралық келісім – Қазақстан халқы бірлігінің негізі» атты іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – толеранттылық пен конфенссияаралық келісімді сақтау, халық бірлігін нығайту болып табылады.
Аталмыш іс-шара барысында Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Алданазарова Жанар Ермекқызы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, алғысын білдірді.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Салимов Наиль Камильевич Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы баяндама жасады.
«Қоғамдық келісім» КММ директоры Әбілмажинова Дина Жанұзаққызы барша аудан тұрғындарын Қазақстан халқы Ассамблея Жылымен құттықтап, өзінің жылы лебіздерін білдірді.
«Дуслык» татар-башқұрт мәдени орталығы төрағасының орынбасары Литфуллин Фанис Хатмолинович өз сөзін солтүстік Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің құрылу тарихына арнады.
Салтанатты іс-шарадан соң Тайынша аудыны әкімінің орынбасары Ж.Е.Алданазарованың төралығымен қоғамдық келісім Кеңесінің қоғамдық қабылдауы өтті. Кеңес отырысына Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Жиын барысында тұрғындар Кеңес мүшелеріне білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау салаларына қатысты көкейкесті сауалдарын қойып, өз ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыру мақсатында «Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын (2020 жылға дейінгі) іске асырудың тиісті шарты ретінде этномәдени бірлестіктер қызметінің тиімділігін арттыру" тақырыбындағы облыстық оқыту семинар-тренинг өтті.
Семинардың тыңдаушыларына келесі тақырыптар ұсынылды: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудағы «Мәңгілік ел» идеясы», «SNED команда жасау технологиясы қоғамдық бірлестіктер жұмысын тиімді ұйымдастырудың құралы ретінде», «Мемлекеттік тіл және тілдерді үйренудің жаңа әдістері мен технологиялары», «Этномәдени бірлестіктердің білім беру ұйымдарымен өзара іс-әрекет етуі», «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық және мемлекеттік ұйымдары». Ал семинардың практикалық бөлімінде фокус-тобында жұмыс істеу, тренингтік жаттығулар, пікірталастар жүргізілді.
Семинар-тренинг соңында барлық қатысқан этномәдени орталық өкілдеріне сертификаттар тапсырылды. Нәтижелі іс-шараның қатысушылары кәсіби білім мен біліктілікті арттыратын семинар-тренингтер жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды