Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қараша, 2014

922

Этносаралық келісім - ол өміршеңдік оттегісі

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов, Мәжіліс депутаты, «Вайнах» шешен және ингуш халықтары мәдениетін дамыту қауымдастығының тең төрағасы Ахмед Мурадов қатысып, Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауы жайында пікір білдірді.

Брифингке қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауын ақпараттық түсіндіру, ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу, ҚХА жұмысы мен іске асырылып жатқан жобалар жайында және 2015 жылға арналған жоспарлар туралы әңгімелеп берді.
- ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің үшелері Президенттің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау қорытындысы бойынша Қарар қабылдады. Ассамблея құрылуының 20 жылдығын атап өту арқылы біз қазақстандықтардың рухани күш қуатын арттыруымыз және толеранттылығын еселеуіміз керек. Сондықтан да, біз Қазақстан халқын ең үздік және мәңгілік құндылықтар - ел игілігі жолында ынта мен жігерді, еңбекқорлықты және мақсаткерлікті арттыруға шақырамыз. Өйткені, Елбасының өзі «Этносаралық келісім - ол өміршеңдік оттегісі» екендігін атап өтті, - деді Қуаныш Сұлтанұлы. 

 

http://baq.kz/kk/news/56033

Кейін қарай