20 Қазан, 2015
1261
Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі Орталық Азия ғылыми-сараптамалық кеңесінің отырысы
2015 жылғы 20 қазанда сағат 10-да Талдықорғандағы Тілдер сарайында Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі Орталық Азия ғылыми-сараптамалық кеңесінің: «Орталық Азия өңірі: азаматтық біртектілікті қалыптастыру мен дамыту тәжірибесі» деген тақырыпта отырысы өтті.

Отырыстың мақсаты - Орталық Азия елдерінің азаматтық біртектілікті қалыптастыру мен дамыту тәжірибесін талқылау және ғылыми-сараптамалық ынтымақтастық бойынша шаралар тұжырымдау.
Аталмыш іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары – Любовь Ни, ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары – Леонид Прокопенко, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры – Наталья Калашникова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты –Ахмет Мурадов, Тегеран университетінің профессоры Амирахмадиан Бахрам Фатхали (Тегеран), Ханкук Шет тілдері университетінің профессоры Санг-Чел Ким (Оңтүстік Корея), Н.Г.Чернышевский атындағы СГУ ТМД және Балтық елдерін зерттеу ғылыми-білім орталығының жетекшісі, «Еуразия-Поволжье» ақпараттық-талдау орталығының директоры- Марина Лапенко (Ресей), Саяси зерттеу Институтының зерттеулер бойынша бас координатор - Мухаммад Ирфан Шахзад (Пәкістан), Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, шетелдік және отандық сарапшылар, ҚР мемлекеттік органдарының және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты.
Ғылыми-сараптамалық кеңес отырысының модераторы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Садвокасова Айгуль Какімбекқызы болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ни Любовь Августовна өз сөзінде: «Орталық Азия ғылыми-сараптамалық кеңесінің отырысы бүгінде Орталық Азия елдерінің азаматтық біртектілікті қалыптастыру мен дамыту тәжірибесін талқылау, ғылыми-сараптамалық ынтымақтастық бойынша ұсынымдар мен шараларды тұжырымдау бойынша маңызды алаңша болып табылады»,-деді. Сондай-ақ, Любовь Августовна аталмыш жиын ҚХА жылы аясында өтіп, жер жаннаты Жетісу жерінде Орталық Азия сарапшыларының басын қосқанын ерекше атап көрсетті.
Отырыстың алғашқы панельдік сессиясы барысында қатысушылар Орталық Азия өңірі: азаматтық біртектілікті қалыптастыру мен дамыту тәжірибесі» мәселесін қарастырды.
Бұл халықаралық отырысты ұйымдастырушылар – Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, Алматы облысының әкімдігі, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен ҚММ.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
вчера, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ