19 Мамыр, 2016
786
Этносаралық ынтымақ – ел тірегі
Бүгін М. Әуезов атындағы Орталық Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан өңірлерінде бірлік пен біртектілікті нығайту бойынша этносаяси менеджмент» тақырыбындағы үш күндік өңірлік семинар-тренинг басталды. Жиынға Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласының мемлекеттік органдарының қызметшілері, ҚХА хатшылықтарының жетекшілері мен мамандары, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің қызметкерлері, этномәдени, діни, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысуда.
Семинарды ашқан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша қатысушыларға сәттілік тілеп, елімізде жүргізіліп жатқан этносаралық саясаттың маңызына тоқталды. Үш күндік семинар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессорлары, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері арнайы дәрістер оқып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыру тетіктері талданады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен имиджі мәселесіне көңіл бөлінеді. Семинар-тренинг жұмысы барысында қатысушыларға арналған облыстық Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығында және Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайында экскурсия ұйымдастырылады.
ОҚО әкімі аппараты "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті