01 Қараша, 2024
435
ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2024 жылғы 1 қарашада Астана қ. Достық үйінде «Шаңырақ» ҚХА кафедраларының қауымдастығы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасы ұйымдастырған «Қазіргі заманғы этносаяси зерттеулердің өзекті трендтері: теориялық және қолданбалы аспектілері» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Исакова, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әлішер Сатвалдиев, Нұрия Ниязова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова, сондай-ақ ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және т.б. қатысты.
Мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар мен алгоритмдерді әзірлеу мақсатында ҚХА қызметін ғылыми-зерттеу, ақпараттық және сараптамалық сүйемелдеудің және аймақтық және жаһандық деңгейде этносаяси зерттеулер саласындағы ағымдағы үрдістерді талдаудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, конференция шеңберінде «Этнополитология» атты оқу құралының тұсаукесері өтті.
Конференция соңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Сергеевна Масагутова ұжымының атынан «Шаңырақ» ҚХА кафедраларының қауымдастығының төрағасы Наталья Павловна Калашникованы мерейлі 65 жасқа және ғылыми-педагогикалық қызметіне 30 жыл толуымен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Этносаралық бірлікті нығайтудың әдістері талқыланды
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
-
СҚО-да ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттер талқыланды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Этносаралық бірлікті нығайтудың әдістері талқыланды
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
-
СҚО-да ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттер талқыланды