18 Қазан, 2017
921
«ЭТНОСТЫҚ ТОПТАРДЫҢ БЕЙБІТ ҚАТАР ӨМІР СҮРУІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2017 жылғы 18 қазанда «Этностық топтардың бейбіт қатар өмір сүруін қалыптастыру стратегиялары» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мафаэль Рольф, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Германия Федералдық үкіметінің аз ұлттар істері жөніндегі уәкілі Хартмут Кошик, ҚХА мүшелері, ғылым мен шығармашылық салаларының зиялылары, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысады.
Конференция шеңберінде этностық топтардың бейбіт қатар өмір сүру стратегияларын қалыптастыру және дамыту мәселелері; қазақ тілінің латын графикасына көшуі; этностық топтардың өзара қарым-қатынас процесіндегі әлеуметтік медианың рөлі; сондай-ақ ұлтаралық қатынастың дамуына масс-медианың ықпалы мен рөлі және т.б. мәселелер талқыланды.
«Қазақстан әлемдік тәжірибеде интеграция деп аталатын демократиялық модельді құрып, ол этникалық және азаматтық сәйкестіктің үйлесімділігі негізінде жасалуда. Қазақстан Тұңғыш Президент және Ассамблея Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен этностардың қажеттілігіне қарамастан, азаматтардың барлық мүдделерін, құқықтары мен міндеттерінің үйлесімділігіне бет алып, «Бірлік - әртүрлілікке» принципін ұстанатынын айқын көрсетті», - деді өз сөзінде Дархан Мыңбай.
Іс-шара барысында Конрад Аденауэр атындағы қор өкілдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
Халықаралық конференцияның ұйымдастырушылары мен серіктестері: Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры.
Дата события ассамблеи: 18.10.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді