04 Ақпан, 2020
1517
Еуропарламент делегациясы Қазақстанға ресми сапары барысында Қарағанды ҚХА-сында болады
25-27 ақпан күндері Еуропа парламентінің делегациясы ресми сапармен Нұр-Сұлтанға келеді. Делегация парламенттік ынтымақтастық комитетінің «Қазақстан – Еуроодақ» отырысына қатысады.
Бұл жөнінде Қазақстанның Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі Айгүл Құспан Еуропарламенттің Орталық Азия елдерімен байланыс жөніндегі делегациясының отырысында мәлімдеді. Құрметті қонақтарды италиялық депутат Фульвио Мартушелло бастап келеді.
Еуропа парламентарийлері Мәжілістегі әріптестерімен ортақ тақырыптарды талқылайды. Одан бөлек, еуродепутаттар Сыртқы істер, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің басшыларымен және Бас прокурормен кездеседі.
Сондай-ақ, Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігі ұйымдастырған шараға қатысып, еліміздегі адам құқықтары жөніндегі уәкілмен әңгіме-дүкен құрады.
«Біз Қарағандыға баруды жоспарлап отырмыз. Ол жерде меймандар Қарағанды облысының басшылығымен және Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттерімен кездеседі», - дейді Айгүл Құспан.
Еуропарламент депутаттары Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған музейге (Карлаг) соғып, Қарағанды облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен пікір алмасады.
Еуропалық депутаттар Қазақстанға сапар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланысты нығайта түседі деген сенімде.
«Қазақстанға сапар - Еуропарламенттің жаңа құрамы үшін маңызды қадам болмақ. Біз Қазақстанды осы өңірді дамытудағы қозғалтқыш күш деп санаймыз. Біз бұл елге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге сапарынан кейін 10 күннен кейін барамыз. Бүгінде Тоқаев реформамен және өзінің сайлау алдында берген уәделерін орындаумен белсенді түрде айналысып жатыр. Еуроодақ парламентарийлері Қазақстан Президентінің реформаларын қолдайды және оларды жүзеге асыруға көмегін аямайды», - деп атап өтті латвиялық Еуропарламент депутаты Андрис Америкс.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
вчера, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05