24 Қыркүйек, 2018
2409
Еврей халқының мерекесі — Суккот
Суккот мерекесі биыл 24 қыркүйекке түсіп отыр.
Еврей халқының Суккот мерекесі биыл 24 қыркүйекке түсіп отыр.
Еврей халқының бұл мерекесі жаңа жылдың 15-ші күніне (15 Тишрей) түседі және жеті күнге созылады. Бірақ мерекелік күн 14-ші тишраның кешінде басталып кетеді. Бұл диқандар егін орағын аяқтап, алғашқы жаңбырға дейін тынығатын уақыт.
Мереке атауы — суккот «шатыр», «кішкентай» немесе «бұта» деп аударылып, үйді қауіп-қатерден сақтайды деген ырымды білдіреді.
Ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыздар бойынша суккотта шатырда жеті күн түнеу туралы аңыз көптеген түсініктер береді. Мысалы, үйдің айналасында шатыр орнату арқылы еврейлер қырық жыл бойы шөл далада жүргендерге қосылады деп сенген және Эрец-Исраэль жерді түптеп, оған жеміс өсіріп, оның өніміне қуанған. Басқа түсінік бойынша аңызда адам кедейлікті есінен шығармауы керек, бай болған күннің өзінде мақтанбауы керек деген ұғымды білдіреді.
Суккотта ерекше жоралғы жасалған, оны «лулав ғибадаты» деп атайды. Лулав төрт өсімдіктің жиынтығына кіретін пальма жапырағы. Өсімдіктердің әрқайсысы белгілі бір адамдардың типтерін білдіреді деген ұғым қалыптасқан. Дәмі мен иісі бар этрог — бұл Тора туралы білетін және жақсы істер жасайтын еврейлер. Жемісі тәтті, бірақ иісі жоқ құрма пальмасы — бұл Тора туралы білетін, бірақ жақсы істер жасамайтын еврейлер. Мирт — жеуге келмейтін өсімдік, бірақ хош иісі бар, алайда жақсылық жасайтын еврейлер. Иісі де, дәмі де жоқ тал — бұл Тору туралы білмейтін және жақсылық жасамайтын еврейлер.
Аңыз бойынша, Құдай барлығын бір жерге шоғырландырып, бір халыққа айналдырады. Олар бір-біріне көмектесіп, білім беріп, бір-бірі үшін жауап беретін болады. Тағы бір түсінікте өсімдіктің әр қайсысы адамның дене бөлігі делінген. Этрог — бұл жүрек, жіңішке және тік пальма жапырағы — омыртқа, сопақ жапырақтары бар мирт — көз, ал тал — ауыз. Олар біріксе, жаратушысына берілген адам болып шығады.
Мереке қарсаңында базарларда шатыр салуға арналған этрофтар, лулавалар, пальмалар сатылады. Ел аумағында шатырларды саябақтарда, аулаларда, бақтарда, автотұрақтарда көруге болады.
Бүгінде бұл мереке күндерінде барлық жеті күн ішінде адамдар тұра қоймайды. Әдетте отбасылар шатырда тек тамақтанады, түнде бірнеше адам сонда тұрады. Бұл мерекені әсіресе балалар қызықтайды. Израильде Суккот (басқа да діни мерекелері сияқты) бір күн ресми түрде атап өтіледі. Басты мерекеден кейін шағын мерекелер бсталады: мектеп оқушылары мен студенттерге оқу болмайды, кәсіпорындар мен мекемелер жарты күн жұмыс істейді.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 24.09.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
сегодня, 13:01