26 Маусым, 2015
961
Еврейдің көңілі көтеріңкі болса...
Шавуот мерекесі кезінде «Шалом» ЭМБ еврей мәдениетінің күнін өткізіп, оған қала тұрғындары мен Орынбор қаласынан келген қонақтар қатысты.
Шавуот мерекесі кезінде «Шалом» ЭМБ еврей мәдениетінің күнін өткізіп, оған қала тұрғындары мен Орынбор қаласынан келген қонақтар қатысты. ЭМБ мереке бағдарламасына қызықты жайларды ғана емес, ұмытылып кеткен дәстүрлер мен тарихи мағлұматтарды да енгізді.
Еврейлер Пурим мерекесін атап өткенде еврей раввинін аманнан (аман - еврей халқында жын мағынасын білдіреді – Ред.) ажырата алмайтындай етіп тойлау керектігін, Матвей Блантердің әндері Кеңес одағы әндердің алтын қорына кіргендігін, қызық болғанда, еврей мәдениетінің гүлденуі орта ғасырларға сәйкес келгендігі туралы «Шалом» ЭМБ жетекшісі Полина Савицкая баяндады.
Дәстүр бойынша мерекеге әр түрлі этнос өкілдері келіп, көбі өз концерттік нөмірлері қойды. Анастасия Подольянова (болгарлар) "Тода" атты еврей әнін, украиндықтар әуені Исаак Любан жазған «Будте здоровы» әнін, славян орталығының әртістері «Тум, балалайка» хитын, филармонияның скрипкашысы Зульфия Хамзина «Семь сорок» атты танымал әуенді орындады, сонымен қатар бағдарламада би нөмірлері де болды.
Мерекеге арнап сахна төрін тоғыз шаммен безендірген.
-Неге әдеттегідей жеті емес, тоғыз? - деп біз Орынбор облысындағы еврей ұлттык мәдениетінің жетекшісі Михаил Адерге сұрақ қойдық.
— Тоғыз – бұл ханукалдық шам, Ханука - біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан бастап тойланатын жарық мерекесі.
Ал 24 мамырда тойланатын Шавуот мерекесі Торыдағы сый мейрамы.
Бұл күні Синай тауында Мысырдан шығу алдында Құдай Моисейге Заветтің өсиеттерімен скрижал берген. Тағы бұл алғашқы жеміс мерекесі болып табылады. Жалпы, қуантатын жай көп,- деп Михаил Моисеевич түсініктеме берді.
Еврей қауымының белсенді қызметі туралы сұрағанда әңгімелесуші былай деді:
- Оренбурлық еврейлер қоғамының негізін салушылар 1806 жылы кейбір күнәләрі үшін жер аударылған 6 адам болған. Біздің қалада «Шевченковский март» атты фестиваль бар, оның негізін қалаушы еврей автономиясының өкілі Леонид Большаков болып табылады.
Біздің қауымдастық «Красная гора» фестиваліне белсенді түрде қатысады. Оны Орынбор әдебиетшілері мұражайда, ашық аспан астында өткізеді.
Ақтөбедегі Достық үйінің директоры Роза Беркешованың тынымсыздығының арқасында олармен өте жақын қарым-қатынастамыз. Біз сіздерге сыйлық ретінде «История евреев Оренбуржья» кітабын ұсынамыз, оның тұсаукесері өз жерімізде әлі өткен жоқ. Біздің сіздерге тағы бір сыйлығымыз бар, ол балалар шығармаларынан құрастырылған «История семьи в истории народа» атты кітап.
Бұл кітаптармен танысу үшін біз салтанат залына өттік, онда «Шалом» ЭМБ тек кітаптарды ғана ұсынбай, сонымен қатар еврей үйіндегі тұрмыстық бұйымдардан және тағы басқа заттардан көрме ұйымдастырған екен.
Бір қызығы «Еврейская кухня Шмульке Коэна» кітабында әрбір фотосуреттің астында ерекше еврейлік күлкілі әңгіме немесе қызықты цитата жазылған. Мысалы, Анатолий Лейбович-Капланнан: «Ет және балық - сенбі күнгі қуаныш, бірақ жұмыс күндері де жесек те жаман емес» деген цитата берілген.
Мереке танымдық ғана емес, сондай-ақ өте көңілді, қашанғыдай бауырластық сипатта өтті.
Татьяна ВИНОГРАДОВА
«Актюбинский вестник» газеті 26 маусым 2015 ж. №80-81
Ұқсас жаңалықтар
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті