28 Ақпан, 2025
294
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
2025 жылғы 25 ақпанда Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Ассамблея жастары» ұйымы мен Ұлттық Дельфий комитеті бірлесе дайындаған «Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті.
Аталған іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Әзілханов,ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтары дүниежүзілік федерациясының президенті Б.Ақшолақов, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің басшысы А.Пирич, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаев, ҚХА шығармашылық ұжымдар қауымдастығының басшысы, Ұлттық Дельфий комитетінің директоры Қ.Туспекова және Парламент депутаттары, дипломатиялық корпустың, шығармашылық саласындағы зиялы қауым мен талантты жастардың өкілдері қатысты.
Бұл жоба дарынды жастарды қолдауды, шығармашылық әлеміндегі ұрпақтар сабақтастығын дамытуды, сондай-ақ әртүрлі этнос өкілдерінің Қазақстан мәдениетін өркендетуге қосқан үлесін көрсетуді мақсат етеді.
Жоба аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері қатарындағы шығармашыл жастардың тәлімгерлеріне арналған «Тәлімгер» фотокөрмесі таныстырылды. Ұсынылған әр кейіпкер шығармашылықтың түрлі бағытындағы дарынды жастарды дайындаумен, оларды қолдаумен айналысады.
Іс-шара қонақтарына Қазақ ұлттық хореография академиясының Студенттік Ассамблеясы белсенділерінің орындауындағы «Жастар вальсі» қойылымы, сондай-ақ түрлі жылдардағы Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары, белгілі мәдениет қайраткерлері дайындаған мерекелік концерт ұсынылды. Бағдарламада қазақ классикалық және халық музыкасының шығармалары ұсынылды.
Іс-шара соңында ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов халықаралық байқауларға қатысуды қолдау үшін дарынды жастарға жол жүру гранттарын тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48