Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қыркүйек, 2015

1169

Фольклорлық – этнографиялық ансамбльдердің «Жерұйығым-Жамбылым!» атты облыстық фестивалі

Қордай аудандық мәдениет үйінде 25 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай фольклорлық – этнографиялық ансамбльдердің «Жерұйығым-Жамбылым!» атты облыстық фестивалі өтті.

Қордай аудандық мәдениет үйінде 25 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай фольклорлық–этнографиялық ансамбльдердің «Жерұйығым-Жамбылым!» атты облыстық фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің (топтардың) кәсіби шеберліктерінің өсуіне ықпал жасау; өнерпаздар қатарын дарынды жаңа буын өкілдерімен толықтыру; көне фольклорлық туындыларды насихаттау. Сонымен бірге өнерпаздардың орындаушылық шеберліктерін шыңдау; облысты мекендейтін барлық этностардың фольклорлық өнерінің сақталып, дамуына ықпал жасау.

Фестивальге Тараз қаласынан, аудандардан өзбек этномәдени бірлестігінің ансамблі, орыс халық аспаптар ансамблі, «Маричка» украин фольклорлық ансамблі, Байзақ аудандық түрік фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Чунтян» дүнген фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Сударушка» халықтық орыс фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Ахыска» түрік фольклорлық–этнографиялық ансамблі, облыстық «Айнұры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ансамблі, облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің ансамблі, барлығы 9 ұжым қатысты.

Фестивальді Жамбыл облысы әкімдігінің жауапты қызметкері М.Қ.Жинақбаева және облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Л.А.Лысова құттықтау сөзбен ашты.

Фестивальдің қазылар алқасының құрамында облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Э.Ермекбайқызы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р.М. Убайдуллаева, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыка білімі» кафедрасының доценті, ҚР мәдениет қайраткері Е.Рысметов, әнші, ҚР мәдениет саласының үздігі Қ.Қожағазина, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің аға ұстазы Р.Көрпебаева болды.

Нәтижесінде фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің «Жерұйығым-Жамбылым!» атты облыстық фестивалінде бас жүлдені Қордай ауданынан келген «Чунтян» дүнген фольклорлық-этнографиялық ансамблі жеңіп алды. Ал 1-орынды орыс халық аспаптар ансамблі (Тараз қаласы) иеленді. 2-орын Байзақ аудандық «Ахыска» түрік фольлорлық-этнографиялық ансамбліне, 3-орынға Тараз қаласынан «Маричка» украин фольклорлық ансамблі және Шу ауданынан «Ахыска» түрік фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері лайықты деп танылды.

Қатысушылар арнайы алғыс хаттарымен марапатталып ақшалай сыйлық табыс етілді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.

Кейін қарай