
20 Қараша, 2017
724
«FREILEHE KINDER» фестивалі
Қазақстан халқы Ассамблеясы жас ұрпақтың бойында ынтымақ пен келісім, толеранттылық, патриотизм сезімдерін тәрбиелеуге ерекше назар аударып келеді.
Осыған орай, халықтардың достығын нығайту, ел ішіндегі тұтастықты және ұлт арасындағы ымыра-бірлікті бекем ете түсу мақсатында ағымдағы жылдың 19 қараша күні, Достық үйі қабырғасында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ тапсырысымен «Жезқазған қаласы жастар Одағы» қоғамдық бірлестігі «Центр забота - Хэсэд Полина» республикалық еврей қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалының ұйымдастыруымен еврей балалары мен жасөспірімдері шығармашылығының «FREILEHE KINDER» фестивалі өтті.
Іс-шараны Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс істеу бөлімінің басшысы А.Ж.Тасмағанбетова құттықтау сөзбен ашып, Елбасымыздың саясатының арқасында Қазақстанда тұратын барлық ұлттар бірлікте, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанын, бүгінгі іс-шара және барлық Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралары Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде өтіп жатқанын айтты. Сонымен қатар, «Центр забота - Хэсэд Полина» республикалық еврей қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалының төрайымы В.Г.Кузнецова өз сөзінде: «FREILEHE KINDER» фестивалі қонақжайлылық пен тату көршілік және халықтық дәстүрлерін нығайтады,» - деді.
«FREILEHE KINDER» фестивалі 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. «Ахава» вокальды-аспапты тобы, «Яхолом» хореографиялық ансамблі, Л.Пропищанның қатысуымен өткен мереке, демалыс күні болғанына қарамастан жиналған көрерменнің саны, залда жиналған қауымның орындалған әндерге ілесе қосылып бірге ән айтып, би билеп, көрерменге тамаша көңіл күй сыйлағаны фестивальде айқын көрініс тапты. Көрермендер қатарында болған №6505 әскери бөлімінің сарбаздарыда белсенділік танытып, алған әсерлерімен бөлісті.
Фестиваль соңында қатысушыларға Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Т.К.Камалиевтің алғыс хатымен дипломдары және этномәдени орталыққа ескерткіш сыйлыққа ноутбук табыс етілді.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Дата события ассамблеи: 20.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
20 Маусым, 09:33
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті