
04 Сәуір, 2017
1547
Гүлбара Нұрқанова мен Нұрлан Есенбековтың колөнер көрмесі
3 сәуір күні Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім ғимаратында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы халықтық сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің «Өнер көзі халықта» атты кезекті көрмесі өткізілді.
Өткізілген көрме қауымдастықтың мүшелері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Гүлбара Нұрқанова және Нұрлан Есенбеков шығармашылығына арналды.
2016 жылы сәндік-қолданбалы өнер шебері Гүлбара Нұрқанованың «Өнер көзі халықта» атауындағы кітабы жарыққа шығып, қызығушылық танытқан оқырмандардың шапағатына бөленді.
Гүлбара жасаған бұйымдардағы киіз бен майда моншақтың сәндеп араласуы көрмеге қатысушылардың көңілінен шықты.
Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ көрме залында автормен ұсынылған бұйымдардың ішінде киізден жасалған әдемі сөмкелер, күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар, моншақтан жасалған суреттер бар.
Гүлбара Нұрқанова Қырғыз Республикасының Нарын қаласында дүниеге келген. Целиноград облысы, Ерейментау ауданы, Торғай совхозындағы №18 кәсіби-техникалық улилищеде сексенінші жылдары өндірістік оқыту шебері ретінде жұмыс істеген кезде өзінің сүйікті ісіне қызығушылық таныта бастады.
Қазіргі уақытта Гүлбара Нұрқанова өзінің әріптесі, осы көрмеге өз жұмыстарын ұсынған сәндік-қолданбалы өнер шебері Нұрлан Есенбеков сияқты М. Ғабдуллин атындағы №3 қос тілді оқыту бойынша бейінді мектеп-гимназиясында технология пәнінің мұғалімі қызметін атқарады.
Солтүстік – Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Мәдениет ауылының тумасы Нұрлан Амангелдіұлы балалық шағынан әкесінің шығармашылығын бақылап өсті – әкесі тұрмыстық қажеттіліктерге арналған бұйымдар жасаумен шұғылданды. Ол – әдемі, терімен қапталған ертоқым, жібек жіптен жасалған белдік ноқта және т.б.
Нұрлан Есенбековтың оқушылары – қолөнер бойынша өткізілетін қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жүлдегерлері. Мысалы, 2016 жылы Сарбай Бағлан «Құстар үйі» атты қалалық байқаудың дипломаты, Кайырбек Диас «Жас ұсталар сайысы» бойынша бірінші орын иегері, Омаров Артур «Әйел мейрамы» халықаралық мейрамына қатысқаны үшін берілетін сертификат иегері болды.
Нұрлан Амангелдіұлының өмірдегі басты мақсаты – ол болашақта қазақстан қоғамындағы талап етілетін мамандарға айналатын сауатты, өз істерінің шебері болатын жастарды тәрбиелеу.
Құрметті Гүлбара Намазбекқызы және Нұрлан Амангелдіұлы, Сіздерге жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
сегодня, 13:01
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті