
12 Ақпан, 2016
849
ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕРДІҢ «ҮШ ҚОРЖЫНЫ»
Петропавлда жазушы, аудармашы, белгілі қоғам қайраткері, бастысы ғажап адам – Герольд Бельгерді еске алды. Оның мұрасы – 40 астам кітап, ал бүкіл өмірі – өсіп, азамат болып қалыптасқан жерін өзінің бүкіл өмірі мен жанының ажырамас бөлігіне айналдырудың өнегесі.
Жазушы Герольд Карлович Бельгерге арналған еске алу кеші Достық үйінде өтті, оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері, сонымен бірге оның шығармашылығын құрметтейтін әріптестері мен достары жиналды. Еске алу кешіне қатысқандар жазушы шығармашылығына арналған шағын деректі фильм көріп, залда ұсынылған кітаптардан туынды жолдарын оқи отыра, шағын фото-экспозиция көре алды.
Кештің ерекшелігін айта кетсек, кездесу барысында үш тілде: қазақ, орыс және неміс тілінде сөз сөйленді. Ресейде дүниеге келген, қазақ ауылында тәрбие алған, ұлты неміс Герольд Бельгер үш мәдениетті өз бойына терең сіңірді. Сондай-ақ осындай тығыз өрілген ерекшелікті Герольд Карлович басты байлығым деп санады: «Менде үш қоржын бар: неміс, қазақ және орыс. Біреуінен айырылсам, мен тым кедей болып қаламын. Бұл мен үшін өте маңызды. Этникалық неміс бола тұра мен қазақтар ортасында өстім, қазақ тілін меңгердім және қазақша жазамын. Оны алып тастасам, орысша сөйлейтін және орысша жазатын қатардағы көп немістің бірі боламын. Әр мәдениет мен үшін өте маңызды».
Герольд Карлович өмірінде Майлин, Мүсірепов, Нұрпейісов сынды қазақ әдебиеті классиктерінің ондаған туындыларын қазақ тілінен орыс тіліне аударды. Сонымен бірге 40-тан астам кітаптың, оның ішінде «Дом скитальца», «Тұйық Су», «Разлад» романдарының авторы болып табылады, мерзімді баспасөзде 1600-дей жарияланымы бар. Герольд Бельгер бір жыл бұрын өмірмен қош айтысты, дегенмен оның талантын қадірлеп-қастерлейтін адамдар оның шығармашылығы мәңгі есте қалатынына сенімді.
Жазушының шығармашылығын құрмет тұтушы және «Возрождение» неміс қоғамының мүшесі Эльза Шагимарданова: «Мен ол туралы естігенде, ол туралы сөз қозғағанда, көз алдымда әкем елстейді. Бұл мүлдем басқа адамдар – мықты да қайсар ұрпақ. Егер олар болмаса, біздің күніміз не болар еді. Біздің соңынан еретін, теңдес болатындай жандарымыз бар. Ол өз өнегесімен жер бетінде өмірдегі өз орныңды тауып, өзге тілді меңгеріп және туған жер мен тілді жаныңа жақын қабылдау мүмкін екендігін көрсетті» деген пікірін білдірді.
Өздерінің көзқарастарымен, естеліктерімен, туындыларының сүйікті жолдарымен Петропавл экономикалық-техникалық білім беру кешенінің директоры, профессор Александр Мерк, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының директоры Сәуле Мәлікова, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная және басқалары бөлісті.
Александр Мерк оның білім беру мекемесінде Герольд Бельгердің шығармашылығына арналған мұражай залы ашылатынын атап кетті.
Атап айтсақ, осы күндері Герольд Бельгер құрметіне арналған еске алу кездесулері мен әдеби кештер тек біздің облыста емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстанда өтіп жатыр.
Александра ШЕРСТОБИТОВА
«Северный Казахстан» газетінің тілшісі
Ұқсас жаңалықтар
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті