Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Қазан, 2016

1614

«Город малиновых зорь» мерекесі

Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін нығайту мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын  Ұлттар күні аясында Орал қаласының  мәдениет және демалыс саябағында «Орал-Жайық казактарының одағы» қоғамдық бірлестігінің  «Город малиновых зорь» атты мерекелік  іс-шарасы  өткізілді.

Бағдарламада  зергер шеберлер жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтар Орал казактарының тағамдарынан ауыз тиіп, олардың салт-дәстүрлерінен сыр шертетін музыкалық шығармаларын тыңдады. Мереке қонақтары мен қатысушыларын облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов қарсы алып, бүгінгі өткізіліп отырған іс-шараның Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың мәдениетін дамытып отырған қазақстандықтардың бірлігін көрсететіндігін атап өтті. «Яикушка», «Жұлдыз», «Сударушка», «Теректиночка», «Дарьиночка», және «Малиновые зори» ансамблдері көптеген көрермендерді өздерінің өнерлерімен қуантты.

- Бұл мереке – бірлікті және біздің туған Оралымызға деген махаббатымызды бейнелейді, біз оны ерекше күнге - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймыз, - деді «Орал-Яик казактарының одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Вячеслав Солодилов.

Мерекеде сондай-ақ Астана қаласынан келген қонақтар болды. Олар –  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және қазақ халқының тарихи тұлғасы этнограф - ағартушы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арнап ұйымдастырылған қазақстандық автомобиль экспедицияна қатысушылар.

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай