19 Қыркүйек, 2015
1225
Грек этносының республикалық мәдени күндері
2015 жылдың 19 қыркүйегінде қалалық мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «20 жыл бір отбасында» тақырыбында грек этносының Республикалық мәдени күндері өтті. Мәдени іс-шараға этномәдени бірлестік өкілдері, жастары және қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Іс-шара шеңберінде халықтық қолданбалы қолөнер жәрмеңкесі және мерекелік концерт өтті.Жәрмеңкеге этномәдени бірлестік шеберлері қатысты. Көрмеде әйелдердің бас киім үлгілері, тастан жасалған бұйымдар, халықтық қуыршақ үлгілері, грек ұлтының қолдан тігетін бұйымдары қойылды.
Мәдени күндердің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі өтіп отырған Республикалық грек мәдени күндері облысымыздағы грек этносы үшін ғана емес, республикалық деңгейде өтіп отырған іс-шара екендігін атап көрсетті. Сонымен қатар этномәдени бірлестік өкілдерінің өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін көрсету басқа да этностық топтарға әсер етеді және олардың қызығушылықтарын туғызады. Іс-шараға қатысушылар этносаралық бірлік пен келісімді нығайту бойынша жүргізіліп отырған жұмыс туралы айтып берді.
Концерттік бағдарламада Қазақстанның бірнеше облыстарының грек вокалды би ұжымдары қатысты. Іс-шара қонағы, қазақ эстрадасындағы аңыз адам, ұстаз, Қазақстанның халық әртісі Лаки Кесоглу сөз сөйлеп, ән шырқады.
Сонымен қатар концерттік бағдарламада Қаратау қаласынан Константин Попандопуло, Алматы облысынан «Македония» ансамблі, Теміртау қаласынын «Аннексии» би ансамблі т.б. орындаушылар өнерлерін көрсетті.Алматы қаласының әншілері Яннис Кайсиди,Ольга Кефалиди және Алматы облысының өнерпаздары Ольга Чуматиди және аккордеоншы Евгениий Чуматидидің өнерлеріне көрермендер шын ризашылықтарын білдірді.
Мәдени іс-шарада басқа этномәдени бірлестік өкілдері өздерінің концерттік бағдарламаларын дайындап, әртүрлі тілде өлең айтып, ұлттық билерін көрсетті.
Гректер Жамбыл облысында ұлтаралық бірлікті нығайтуда, этностар арасында достықты сақтауда ауқымды жұмыстар атқарып келеді. «Біз Қазақстанда тұрып жатқанымызға мақтанамыз, Қазақстан бұл біздің отанымыз»,- дейді олар өз сөздерінде.
Мәдени іс-шараның салтанатты жабылуында облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов грек этносы өкілдері мен белсенділері В.А. Капасакалис пен П.Г. Попандопулоны Жамбыл облысы әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапаттады.
Қонақтар атынан «Филия» қазақ грек қоғамы ассоциациасының президенті П.Федориди құттықтау сөз сөйлеп, мәдени іс-шараға қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті