Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қараша, 2014

929

І-Жастар сессиясы

2014 жылдың 7 қарашасында , сағат 10-00 де , Достық үйінде, Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жастар ортасындағы мәдениет аралық қарым-қатынас» атты І-Жастар сессиясы өтті.

 

2014 жылдың 7 қарашасында , сағат 10-00 де , Достық үйінде, Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жастар ортасындағы мәдениет аралық қарым-қатынас» атты І-Жастар сессиясы өтті. Сессия Қазақстанда тұрып жатқан этностар арасында  этносаралық диалог пен мәдениетаралық қатынастарды дамыту жұмыстары бойынша,  жастар ұйымдарының бір-бірімен әріптестілігін нығайту мен тәжірбиемен алмасу мақсатында жасалынды. Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Смирнов А.Б., Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары, Ахмадулла В. Алматы қаласының ҚХА Секретариятының жетекшісі Абдалиева М.А., Алматы қаласының этномәдени орталықтарының өкілдері мен Алматы қаласының ЖОО-ның жастар ісі жөніндегі комитеттердің төрағалары мен студенттік Ассамблеялардың мүшелері қатысты.
Сессияда келесідей ұсыныс енгізілді:

  • Алматы қаласының жастар ұйымдарының ортақ сайтын жасау;
  • Алматы қаласының жастар саясаты басқармасының қарауындағы Алматы қаласының ЖОО-ның жастар ісі жөніндегі комитеттерінің төрағалар кеңесін жасау;
  • ЭМБ жобалары мен құжаттарын сақтайтын және іс-шараларын баяндайтын ортақ алаң құру;
  • Ортақ еріктілер клубын құру;

Алматы қаласының Жастар сессиясының Резолюциясының жобасы негізге алынды.

«КВН-туған күні»

2014 жылдың 8 қарашасында «КВН-туған күні» атты арнайы жоба өтті. Жобаға Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен қатысқан «Народные лица АНК» командасы қатысты. Команда жақсы өнер көрсетіп, жобаға қатысушы дипломынмен марапатталды.Арнайы жобаның жеңімпазы «Академия КНБ» КВН командасы болды.

Кейін қарай