
18 Ақпан, 2016
3201
Игі істер жалғасуда
Қайырымды адам қашанда тура жолда, адамгершілік қасиетте жүреді. Қазақ халқы жетімі мен жесіріне қамқорлық танытып, науқас, мүгедек жандарға қорған болған кемеңгер, парасатты халық. Қайырымы кең қазақ халқының әр баласы мен бар ұрпағы қиналғандарға қол ұшын беріп, көмек көрсетуге дайын тұрған.
Бүгінгі қоғамда да шуағын шашып, нұрын төгіп жүрген кең жүректі адамдар бар. Мұның бір мысалы - Көкшетау қаласындағы Достық үйінде өткен облыстық Аналар кеңесі ұйымдастырған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы. Акцияға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өз сөзінде «Қазақ - жетімін жылатпаған халық, өзгені өзекке теппеген халық. Бүгінгі таңда жетімдер үйіндегі балалар саны азайып келе жатқандығын айтып кетуге болады. Біз қоғамның әр мүшесіне қамқор бола білуіміз керек. Осы мақсатта қайырымдылық керуені акциясы басталды. Бүгінгі бүлдіршінге көмектесу де осы игі істің бір бөлшегі болып табылады», - деп атап өтті.
Дүние есігін ашқанына үш айдан асқан Үміт Азаматқызының емделуіне қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық аукционына облыстық басқарма басшылары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты. Атап айтсақ, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұжымы, облыстық дін істері басқармасы, жеке кәсіпкер Жұмабай Әміржанов, «Ақсай-НАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері және этномәдени бірлестік өкілдері бүлдіршіннің сауығып кетуіне қаржылай көмектерін көрсетіп, қол ұшын созды. «Әулет» мектептен тыс балалармен жұмыс жасау орталығы мен облыстық дарынды балаларға арналған шығармашылық үйінің қолөнер шеберлері ұсынған бұйымдар аукционға қатысып, сатылған заттардан түскен қаражат бүлдіршіннің анасына табысталды.
Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Зере Киікова «Қайырымдылық шаралар мұнымен аяқталмайды. Жыл бойы жалғаса береді. Ал бүгінгі шара ол кішкентай Үміттің сауығып кетуіне арналған акция. Біздің тілегіміз – балалардың сау болуы, аман болуы»,- деп қайырымды азаматтарды осындай игі бастамаларға ат салысуға шақырды. Ал өз кезегінде Үміт бүлдіршіннің анасы ұйымдастырушылар мен көмек қолын созған азаматтарға зор ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Қайырымдылық іс шарасы барысында облыстық мәдениет басқармасының өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.
«Қоғамдық келісім» мекемесінің
баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Сыртқы істер министрлігінде «Ассамблея жастары» халықаралық жұмысы жөнінде жиын өтті
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
ҚХА «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда
-
ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІ - БІЗДІҢ ЕҢ ҚҰНДЫ ИГІЛІГІМІЗ
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Сыртқы істер министрлігінде «Ассамблея жастары» халықаралық жұмысы жөнінде жиын өтті
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
ҚХА «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда
-
ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІ - БІЗДІҢ ЕҢ ҚҰНДЫ ИГІЛІГІМІЗ