Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Шілде, 2016

984

II халық ойындары фестивалі

2016 жылғы 23 шілдеде елордамыздағы «Жастар» сарайында дәстүрлі түрде аталып келе жатқан II халық ойындары фестивалі осы жылдың басты атаулы күні – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне арналды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыұлттық «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасы шеңберінде өткізілген бұл іс-шараны елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Іс-шараға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер мен аула клубтарының өкілдері, оқушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара мақсаты - этномәдени бірлестіктер жұмысының әдістері мен үлгісін жетілдіру; Қазақстанда тұрушы этностардың мәдени мұрасына қатысты өзіндік ерекшелікті сақтап және оны жаңғырту; этносаралық қарым-қатынасты нығайту; жас ұрпақтарға рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, аталған іс-шара ежелден тамыры тереңге жайылған ұлттық рухтың бірлігін нығайтуға бағытталған. Оның өн бойында қалыптасқан қазақстандық патриотизм мен дәстүрлерді жаңғырту және халық ойындарын танымал ету арқылы, саламатты өмір салтын қалыптастыру.

Ойынға негізінен Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің және аула клубтарының жастары қатысты. Олар әртүрлі жастағы 10 командадан құралды. 6  команда ересек жастағы (2000-2003 жылы туғандар) категорияға бөлінді және кіші жас категориясы (2004-2009 жылы туғандар) бойынша 4 команда іріктелді. Барлығын қоса есептегенде, ойынға 66 бала қатысты.

Сайыс мәресінде қазақтың және Қазақстанда тұрып жатқан этностардың барлық ұлттық ойындарына басымдық берілді. Асық ату, арқан тарту өте қызықты өтті. Татардың ұлттық ойыны- «Көянтә - чиләк белән йөгерү» (иінағашпен жүгіру) мен башқұрттың ұлттық ойыны - «Йомортканы ҡалаҡка hалып йүгереү» (жұмыртқаны қасыққа салып жүгіру), сондай-ақ белорустың ұлттық ойыны - картоп егу және тәжіктің ұлттық ойыны -«Аспакбози» (ат құлағында ойнауы) көрермендерді ерекше сезімге бөлеп, жылы әсер қалдырды.

Фестивалге қатысушылар мен қала қонақтары іс-шара барысында елордамыздағы этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалады. Арнайы шақырылған әртістер де кештің көркін аша түсті. Ойынға қатысушылардың әрбіріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім»

КММ баспасөз қызметі:

тел. 24-98-53/ +7707-310-53-54

WhatsApp - 7707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

 

Кейін қарай