04 Қыркүйек, 2019
2238
Икрам Хашимжанов: Мақсаты, мүддесі бір қазақстандықтардың байланыс тілі де бір болуы керек
Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының маңыздылығын этнос өкілдеріне түсіндіру мақсатында өткен жиында Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов қазақ тілінің ұлтаралық тілге айналуына мүдделі екендігін атап өтті.
Оның айтуынша, мемлекеттік тілді ұлтаралық тілге айналдыру туралы ұсыныс қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағын одан әрі арттыра түспек.
«Елімізде тұрып жатқан барлық этностардың тілі мен мәдениетін сақтап, дамытуға жағдай жасалған. Ал, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің мемлекетіміз үшін маңызы зор. Мемлекет басшысы бұл мәселеге арнайы тоқталып, «Қазақ тілі ұлтаралық тілге айналу керек», - деді. Бұл бастаманы өзбек этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығының мүшелері қуана қолдап отыр. Өйткені, мақсаты, мүддесі бір қазақстандықтардың байланыс тілі де бір болуы керек, - И.Хашимжанов.
Жиында Жолдауда айтылған негізгі мәселелер жөнінде Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Бағдагүл Байтешова, А.Чехов атындағы №21 мектептің директоры Анармат Оразов, кәсіпкер Тахир Нышанбеков өз ойларын ортаға салды. Ал, басқосуға қатысқан қалалық өзбек драма театрының қызметкерлері Президенттің мәдениет қызметкерлерінің айлығын көтеру бастамасы өнер адамдарына үлкен қолдау әрі қамқорлық екенін жеткізді.
Жиын соңында көпшілік игі бастамалардың барлығы бірлік пен тыныштық болғанда ғана жүзеге асатынын алға тартып, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыру бағытында жұмыла жұмыс істеу қажеттігін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
вчера, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті