Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Сәуір, 2016

853

Иландыру өнеріне үйретеді.

Жанарлары жарқыраған мына жастардың біреулері қалалық жоғары оқу орындарының магистранттары, басқалары колледжді тәмамдаса, үшіншілері әлі мектеп жасында, олардың ішінде өзі таңдаған мамандығы бойынша қызмет жасап жатқандары да бар. Бұлардың барлығын біріктіретін - өзінің көптеген жақсы да игі істерімен көзге түсіп үлгерген, Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасы. Ассамблеяның ұйымдастыруымен өтетін ауқымды саяси және мәдени іс-шаралар, қайырымдылық және патриоттық акцияларының барлығына жастар лигасының мүшелері белсенді түрде араласады. Бұл жеткіншектердің алдында бір  мақсат тұр: Қазақстанның  әлемнің 30 дамыған елінің қатарында көрінуі үшін, дамуы мен өркендеуіне үлес қоса отырып,  еліміздің белді азаматы болу.

Жуырда Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің конференц-залында осы мекеменің этномәдени бірлестіктері жастарымен жұмыс жасау бөлімінің әдіскері Дарья Бурмакинаның бастамасымен «Патриот болу: немесе олай болып көріну» тақырыбында  «Болашағымызды өзіміз саламыз»  диалог алаңының  ашылу салтанаты болып өтті.

Қызықты пікірталас алаңында қатысушылар «көпшілік алдында сөйлеу» өнеріне үйренуге бола ма деген ұсыныстарын білдірді. «Айтылған сөз оқпен тең» деген, жастардың бұл ұсынысын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі, журналист, бұрынғы уақытта облыстық «Знание» қоғамының дәріскері болған Михаил Вениаминович Бунин қолдап, көмектесуге келісе кетті  

Сол уақыттан бастап «көпшілік алдында сөйлеу» өнері бойынша диалог алаңында бастапқы цикл бойынша бес сабақ жүргізілді. 

Тыңдаушылар  шешендік  өнердің тарихымен, көпшілік алдында сөйлеудің түрі және әдісімен «Сөйлеу аппаратымен жұмыс» тақырыбында  өткен семинар-тренингке (жаттықтырушы Д.Бурмакина) қатысып, үлкен аудиторияда сөйлеушінің жүріс-тұрыс әдісімен, алдыңда отырған тыңдармандарды қызықтырудың «құпияларымен» танысты.

Алдағы уақытта олар тәжірибелік жұмыс аясында «Қазақстан елінің  үлкен отбасында менің халқым» тақырыбында Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктер өкілдерінің арасында лекция жүргізбекші. Бұдан кейін барлық жас қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

Аз ғана жаздық демалыстан кейін бұл іс-шара жалғасын тауып, тереңдетіліп оқытылады.

Тағы да бір айта кететін жәйт, жуырда этномәдени бірлестіктер жастары үшін Дарья Бурмакинаның «Жетістік» эстетикалық студиясының  ашылуы да  логикалық толықтыру болып табылады. Студия бағдарламасында этикет ережелері, оның ішінде іскерлік келіссөздерді жүргізу, табысты жас адамның өз имиджін жасау және тағы басқа өнерлердің қыр-сырымен танысу  жоспарланып отыр.  

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай